2026 жылғы 21 қазанда «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның бас офисінде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке — еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін және ұлттық бірлігін айшықтайтын маңызды күндердің бірі.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма төрағасы Чжу Айцзюнь ұжымға арнап құттықтау сөз сөйлеп, жұмыскерлерді ұлттық мерекемен құттықтады. Ол ортақ мақсаттарға қол жеткізуде бірлік пен кәсіби шеберліктің, сондай-ақ әрбір жұмыскердің жауапкершілікпен атқаратын еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Компания вице-президенті Қияқбаев Зияш Қалдыбекұлы да ұжымға ізгі тілегін білдіріп, жұмыскерлерді Республика күнімен құттықтады. Ол әрбір жұмыскердің компанияның дамуына және мұнай-газ саласының өркендеуіне қосатын үлесінің маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты рәсім аясында компанияның үздік жұмыскерлерін марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін бірқатар жұмыскер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, Қызылорда облысы әкімдігінің және компания басшылығының марапаттарына ие болды.
Салтанатты іс-шара барысында компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін сақтауға сіңірген еңбегін бағалау мақсатында бірқатар қызметкерге «Құмкөл кен орнының 40 жылдығы» мерейтойлық медальдары табысталды.