/**/

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды

Қазақстан Республикасында Ұлттық мереке – Конституция күні қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында Мемлекеттік қабылдау комиссиясы «300-секцияның дизель отынын гидротазалау қондырғысын реконструкциялау» нысанын пайдалануға қабылдау актісіне қол қойды. Бұл «ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасын (Жоба) іске асыру барысында пайдалануға енгізілген бірінші жаңғырту нысаны. «300-секцияның дизель отынын гидротазалау секциясын реконструкциялау» Жобаның 1 кезеңіне жататынын және Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес К-4, К-5 стандарттары бойынша дизель отынын шығаруға бағытталғанын айту керек. Жоба бойынша монтаждау жұмыстары орындау кестесіне сәйкес жүргізілді; 2015 жылғы 22-26 маусым аралығында қондырғыны тәжірибелік-өнеркәсіптік сынап (жүргізіп) көру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде К-4, К-5 стандарттарына сәйкес келетін өнім алынды.


Процестің технологиясы бойынша қысқаша ақпарат: шикізат сутекпен араласқаннан кейін пеште қыздырылады, одан кейін гидротазалау катализаторының қабатына түседі және онда: гидродесульфуризация (сутекпен күкіртсіздендіру), гидрогенизация (сутектендіру), олефиндер мен хош иісті көмірсутектерді қанықтыру процесі жүреді. Одан кейін ағым гидродепарафинизация (сутекпен парафинсіздендіру) катализаторының қабатына барады.

Дизель отындарын гидротазалау отындар мен майлардың сапасын жақсарту және тұрақтылығын жоғарылату, күкіртті, азотты, құрамында оттегі бар қосылыстарды бөлу (жою), арнайы қондырғыларда алюмокобальтмолибденді (немесе алюмокобальтникельді) катализаторды қосып, жоғары температура мен жоғары қысымда қанықпаған көмірсутектерді сутектеу үшін жүргізіледі. Гидротазалау нәтижесінде отынның температураға тұрақтылығы жоғарылайды, отындардың коррозиялық (тоттандыру) белсенділігі төмендейді, сақтау кезінде тұнба түзілуі азаяды, отынның түсі мен иісі жақсарады.     

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz