/**/

Мини-футбол турнирі

МРБ командасы екінші жыл қатарынан футбол жарыстарының үздігі болып қалуда

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 2013 жылғы 30 наурызда ПетроҚазақстан спорт кешенінде «ПҚҚР» АҚ бөлімшелерінің арасында дәстүрлі турнир болып өтті. Турнирге қатысатындығы жайлы 6 команда қуаттады, олар: ҚАМ кеніштері, Жобалау тобы, Мұнай-газ өндіру цехы, Бас офис, Материалдық Ресурстар Басқармасы, Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы құрамалары еді.

Турнир басталды деп «ПҚҚР» АҚ-ның Вице-президенті Болат Көшербаев белгі берді. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Болат Елеуұлы мұндай іс-шараларды өткізіп тұру дене шынықтыру мен спортты дамытып-өрістетуге ықпал ететіндігін, корпоративтік рухты нығайтатындығын, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыратындығын атап өтті, және ойыншыларға адал, ымырасыз ойындар, лайықты жеңістер мен жақсы көңіл күй тіледі.

Алдын ала жеребе тастаудың қорытындылары бойынша командалар екі шағын топтарға бөлінді. Алғашқы шағын топта – Материалдық Ресурстар Басқармасы, ҚАМ кеніштері, Бас офис командалары, екіншісінде – Мұнай-газ өндіру цехы, Жобалау тобы, Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы командалары кездесті.

Ресми бөлімнен кейін өрістеген тартысты сайыста сүйінген және күйінген сәттер көп болды. Осынысымен де жеңіс дәмі қымбатырақ бола түсті. Іріктеу ойындарының нәтижелері бойынша жартылай финалға Материалдық Ресурстар Басқармасы, Бас офис, Мұнай-газ өндіру цехы, Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы командалары шықты. Үшінші орын үшін Мұнай-газ өндіру цехы мен Бас офистің командалары бақ сайыстырды. 7:2 есебімен Мұнай-газ өндіру цехының командасы үшінші құрметті орынға сенімді түрде табан тіреді.  

Материалдық Ресурстар Басқармасы мен Мұнайды дайындау және айдау цехы -Газды пайдаға жарату цехы құрама командалары арасында өрбіген көшбасшылыққа қызу талас тіпті жанкүйерлердің өзін де бей-жай қалдырған жоқ. Бірінші орын үшін жалғасқан ойын шиеленісті өтті. Екі жақтың да командалары жарысқа тамаша дайындықпен келді және жеңіске жетуге деген ұмтылысы да тең дәрежеде болды. Ойын 4:4 есебімен аяқталды. Финалдың тағдыры матчтан кейінгі пенальтилер барысында шешілді, әр команда үшін қақпаға жеті доптан соғуға тура келді. Жеңіс сәттілігі осы турнирдің былтырғы жеңімпазына – ұйымшыл өнер көрсеткен Материалдық Ресурстар Басқармасының командасына бұйырды.

Жекелей жүлделерге Ғабит Нұрқожа (ҚАМ кеніштері, «Үздік қақпашы» номинациясы), Қайрат Жүнісов (Газды пайдаға жарату цехы, «Үздік қорғаушы»), Бағдат Тобашев (Мұнай-газ өндіру цехы, «Үздік сұрмерген»), Аманбек Жүнісов (Материалдық Ресурстар Басқармасы, «Үздік ойыншы») ие болды.

Мұндай

«ПҚҚР» АҚ бөлімшелері арасында өткен

 мини-футбол бойынша турнирлік кесте

Іріктеу  туры
Мұнай-газ өндіру цехы: Жобалау тобы6:2
Материалдық Ресурстар Басқармасы : ҚАМ кеніштері4:1
Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы:  Мұнай-газ өндіру цехы3:2
Материалдық Ресурстар Басқармасы : Бас офис8:3
Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы: Жобалау тобы3:2
ҚАМ кеніштері : Бас  офис1:3
Жартылай финал
Мұнай-газ өндіру цехы : Материалдық Ресурстар Басқармасы2:3
Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы – Бас  офис5:2
ІІІ орын үшін өткен матч
Мұнай-газ өндіру цехы : Бас офис7:2
Финал
Мұнайды дайындау және айдау цехы – Газды пайдаға жарату цехы  : Материалдық Ресурстар Басқармасы4:4Матчтан кейінгі пенальтилер5:6

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz