Қалыптасқан дәстүр бойынша ПКОП ЖШС қызметкерлері мен қонақтары 30.08.2008ж. зауыттың жазғы стадионында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін және ҚР мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін атап өтті. ПКОП ЖШС коммерция жөніндегі Вице-президенті А.Н. Акишев және өндіріс жөніндегі Вице-президенті Цзян Ши мерекелік іс-шараны ашып, қызметкерлерді мейраммен құттықтады. ПКОП ЖШС ұжымына арналған келесі құттықтау сөздерін мереке қонақтары ОҚО өнеркәсіптік және кәсіпкерлерлік басқармасының орынбасары П. Әбубәкіров, Сайрам ауданы, Жұлдыз елді-мекенінің Әкімі И. Бектаев, «Талап» ҚБ төрағасы О. Суерқұлов, ОҚО мәслихатының депутаты К. Қамбаров, сондай-ақ кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Н. Жура арнады.