«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның қызметкерлері наурыз айының бірінші күнтізбелік жексенбісін өзгеше мәнерде өткізді. Компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімі мұнайшылар қауымы үшін өзіндік ерекшелікке ие жарыстарды – балық аулаудың соңғы маусымы іс-шарасын ұйымдастырған болатын.
– Сіздер біздің компанияның өз қызметкерлері арасында сан алуан жарыстарды дәстүрлі сипатта өткізіп келе жатқандығын жақсы білесіздер,- деп өз ой-пікірімен бөліседі «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаев. – Олардың ішінде – футзалдан, бильярдтан, бадминтоннан, волейболдан, дойбыдан, шахматтан және басқа да ойындар түрлерінен өтетін көпшілік жарыстар бар. Дегенмен, сонда да болса балықшылар арасында өтетін жарыстар қазір кеңінен танымал болып отыр. Мұнайшыларға арналған балық аулауды жылына екі мәрте – жылдың жазғы және қысқы маусымдарында ұйымдастырамыз. Және әрбір жолы белсенді-пайдалы демалыспен айналысқысы келетіндердің саны көбейген үстіне көбейе түсуде.
«ПетроҚазақстанның» балыққұмар балықшыларын Қызылорда ауа райының құбылмалы мінезі де сескендіре алмағандығын осыдан-ақ байқай беріңіз. Жарыс басталар күні қарсаңында, дәлірек айтқанда, түнде аспан әлемі көгілдір көктемді ағыл-тегіл жаңбырымен қошеметтеп жатты. Бұл әлі – еріген қар емес-ті. Осыған қарамастан соңғы балық аулау қызықтары үшін табысталатын марапатты иеленуге байланысты бәсекеге түскен компания қызметкерлерінің саны елу адам (!) шамасындай болды.
Қысқы балық аулау шарасы өтетін орын ретінде Жамбыл атындағы ауыл маңайында орналасқан аумағы шағын болып келген Желентай көлі таңдалып алынды. Жарыстардың қатысушылары жалпы саны әрқайсысы үш балықшыдан құралған 12 команданы құрады. Командалардың аттары да ешкімге ұқсамайтын болып шықты – «НАО қалтқылары», «BigFishTeam», «Тригада», «Матрица», «Нептун», «Семсер балық-2012», «АқБекЖан», «Арысқұм МДАЦ»…
Азанғы сағат тұп-тура 9-00-де жоны қырлы, желбезекті су жәндіктерін аулаушылар үкілер бұрғылау үшін көлдегі мұз бетінде бөрлігіп жүрді. Қолға ұстаған жарақтары мен керек жабдықтарына қарағанда, мұнда жүргендердің барлығы да осы кәсіптің шеберлері секілді көрінген. Шын мәнісінде, тіпті жаңадан келгендердің өзі де тыңғылықты түрде дайындалып келгендіктерін көрсеткен еді. Балықшы мұнайшылар бұл шараға толық жауынгерлік әзірлік жағдайында сақадай-сай келді. Олардың әрқайсысында – қолмен оятын мұз бұрғылағыштар, қармақтар, істігіне шабақ шаншып тастап үлкен балық аулайтын қармақ ұштары, үкі бетінде жиналып қалған түйіртпек мұздарды тазалауға пайдаланылатын ожаулар, жем салынған қорапшалар, ішіне қармаққа ілетін құрт салынған банкілер және балық аулаудың электронды техникасы кереметтеріне толы – балық іздегіш эхолот-флэшерлар да болды!
…Әрбір ауланған балықты судан шығарған сайын олжаға кенелген балықшы қуаныштан айқайлап жіберіп жатыр, құдды бір футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы финалдық кезеңде гол соққан сияқты! Олардың пікірінше, мұндай жеңіс жолындағы іштен жарып шыққан қуанышты айқай сезімдері өз командасының жеңіске жетуі жолында жігерге жігер қосып, әудем жерде жайғасқан, сәтті мезгілі жете қоймаған қарсыластардың көңілінде кішкене де болса үміт ұшқынын ұялатты.
Үкілерге үңіле қараумен өткізген төрт жарыс сағаты да көзді ашып-жұмғанша тез өте шықты. Құзырлы қазылар алқасы алдында мұз астынан өндірілген «олжалардың» шамаларымен бақ сынасу уақыты да келіп жетті.
«ПҚҚР»АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева балық аулауға жұмысбасты болуы себепті тағы осыншалықты әлеуетті қатысушылардың келе алмағандығын атап көрсетті.
– Ел аузында: «Табиғатта жаман ауа райы болмайды, жаман киім болады» деп айтылатынындай, мұз астынан соңғы балық аулау маусымының күллі қатысушылары бүгін мұны дәлелдеп шықты. Мақсатқа ең епті, ынталы әрі батыл жандар ғана қол жеткізбек. Осы сияқты демалыс жаңа жеңістерге жету жолында және жұмыста адамдарға жаңадан қуат күшін беретіндігіне әрі сергектік сыйлайтындығына сенімдімін.
Марапаттаудың салтанатты рәсімінде үздіктер аталып өтілді. Командалық есепте басты марапат – «Canon» фотоаппаратын ең көп балық ұстағаны үшін «Пираньялар» командасының балықшылары Бақытжан Мирманов, Орынбасар Абдуллаев және Дастан Сүлейменов алды.
Екінші орын үшін жүлде – ыдыстар жиынтығы «ВинЕгрета» балықшылары Марғұлан Құрақбаевқа, Ғабит Нұрқожаға және Ерлан Әбужановқа бұйырды. Автомобиль шаңсорғышы үшінші нәтиже көрсеткен Кенжебек Нұрабаев, Жомарт Мырзабеков және Ғабит Омартаев секілді жігіттерден құралған «Жобалар жөніндегі департамент» командасына табыс етілді.
Қазылар алқасы жеке біріншілікте айрықша көзге түскендерді де атап өтті. «Ең кішкентай балық үшін» берілетін ынталандыру марапаты – үтік Марғұлан Құрақбаевқа тапсырылды, ұсталған кішкене балықтың ұзындығы 4,8 см.-ді құрады. Ал ұзындығы 13 см. болатын «Ең үлкен балық үшін» берілетін жүлдені – шетелдік электр ұстарасын – лайықты түрде ең әсершіл балықшы Бақытжан Мирманов еншіледі.
– Балық аулау біздің барлығымыз үшін тамаша болып өтті! – деп қуануда аталым жеңімпазы. – Ұранымды үзілдірместан мен Сәттілік атты ханымды өзіме жақын тарттым. Және де ол маған рақым етті. Менің аулаған балығым ірі олжа болды. Жарыстардың ұйымдастырушыларына рахмет!
Мұнымен рәсім аяқталған жоқ. Мұнай саласының ардагері, былтырғы қыстағы балық аулау шарасының жеңімпазы Александр Федорович Акимов қатысушылардың атынан белсенді демалысты ұйымдастырғаны үшін жұртшылықпен байланыс жүргізу бөліміне алғыс айтты және осында айтылған пікірлердің басым көпшілігі бойынша балық аулау жарыстарын Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызға орайластыру белгіленді. Жарыстарға қатысқан адамзаттың нәзік жанды жаратылыс өкілдері әріптестерге қызу қол шапалақтау арқылы сыйлықтар тапсырылды.
– Біздің сүйкімді ханымдарды мейраммен құттықтап, дүниедегі ең ізгі, ең жарқын және ең жақсы нәрселерді тілегім келеді! Отбастарыңызға молшылық-береке және жұмыста табыс тілеймін! Сіздерге рахмет, әрқашанда бар болыңыздар!
Айтылған құттықтауларға компанияның бас технологы Әділбек Беклиев те қосылып, өз тілегін арнады:
– Ұйымдастырушыларға табиғат аясында өзіндік демалыс ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Таза ауа, көтеріңкі көңіл күйі, құмарлық пен сергектік, демалыс күндері бұдан артық не болуы мүмкін. Рахмет!
Ресми бөлімнен кейін қысқы балық аулауға қатысушылар тура осы жерде асылған хош иісті балық сорпасының дәмін татты. Дастарқан басында жарысқа қатысушылар балық аулау қызығының күтпеген тосын жайларын жан-жақты жамыраса айтып ортаға салды, жеңімпаздарды құттықтады. Ал бүгінгі күнгі сайыста жолы болмағандар «ПҚҚР» АҚ-ның келесі балық аулау жарыстарында өз жағдайларын оңалтуға сөз берді. Мұндай қызықты іс-шараны мұнайшылардың қашанда тағатсыздана күтетіндігін атап өтпекпіз.
Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ
Фото Андрей ТАЙГУНОВТІКІ