/**/

МҰНАЙШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!

МҰНАЙШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы аумағында  осымен он бірінші рет өткізілген Стипендиялық бағдарламасының мәреге жеткен жеңімпаздары анықталды. Бұл бағдарлама облыс әкімдігінің қолдауымен 2005 жылы жасалып, бастау алған болатын. Стипендиялық бағдарлама талантты жастарға  сапалы білім алуға көмек көрсете отырып, «ПҚҚР» АҚ үшін жоғары білікті әрі арнайы оқытылған кадрлар даярлаудың қайнар көзін жасауды көздейді.

Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама Қытай мұнай институтында  (Пекин) «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша «бакалавр» дәрежесін алып шығатын бес атаулы стипендия иегерлерін оқытуды көздейді. Болашақ мамандар  қытай тілін оқып үйренуге кететін бірінші жылды қосқанда 5 жыл оқитын болады.

Стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер мына төмендегі  міндетті шарттарға сай болуы тиіс:  Қызылорда  облысында тұрақты тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы,  мектепті 2015 жылға дейін бітіргендерді де қосқандағы орта білім, 2015 жылдың 31 наурызындағы жасы – 21-ден аспаған, үлгерімінің орташа  балы – 5-баллдық жүйемен алғанда 4-тен төмен болмауы, бағалаудың 4-балдық жүйеесімен алғанда 3,3-тен төмен болмауы және ағылшын тілін  жақсы білуі. 

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы тағайындаған стипендиясын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау «ПҚҚР» АҚ оқыту бөлімінде 2015 ж. 3-13 наурыз аралығында жүргізілді. Бағдарламаға қатысуға барлығы 40 өтінім тапсырылды.  Тапсырылған өтінімдер мен құжаттарға  біліктілік талаптарына сәйкестігі және стипендиялық бағдарламаға қатысу құқықтылығына жасалған талдау нәтижелері бойынша 40 кандидат конкурсқа қатысуға жіберілді.

Ең алдымен үміткерлер жалпы білім беретін мектепте оқытылатын бес пәннен 2015 жылдың 23-24 сәуір күндері кешенді тестілеуден өтті. Тест көрсеткіштері бойынша 75 (100 баллдан) және одан жоғары балл жинаған 14 үміткер осы жылдың 28 сәуірінде ағылшын тілінен болатын тестілеуге шақыртылды. Екі тестілеудің: кешенді және ағылшын тілінен тестілеу  қорытындылары бойынша  14 қатысушы да жақсы нәтижелер көрсетті. 2015 жылғы 20 мамырда осы 14 қатысушы жеке әңгімелесуге шақыртылды. Әңгімелесу өткізудің мақсаты – Стипендиялық бағдарламамен оқу барысында табысқа қол жеткізу үшін олардың ой-өрісінің кемелденгенін және бойларында қажетті ынталылық пен білімнің бар екендігін анықтау.   

«ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары Суфия Даминова төрағалық еткен комиссия құрамында: облыс әкімінің кеңесшісі Евгений Ким, облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев, Қорқыта Ата атындағы ҚМУ халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы  Темірболат Кеншінбай және «ПҚҚР» АҚ персоналды оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Айкүміс Қосановалар болды.

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015жылғы Стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздары болып: Ақбота Ізбасар  («Мұрагер» мектеп-лицейі),  Айшуақ Қозыбек (№4 «Дарын» мектебі), Абылайхан Садықов (№9 Қазақ-Түрік лицейі), Ақмарал Халықова және Ержан Абдулла (екеуі де – Назарбаев зияткерлік мектебінен) жарияланды. Бірақ олар алда тұрған мектеп бітіру емтихандары сынағында 100 баллдан 75-тен төмендемеген балл жинап (таңдау пәні – физика),    өздерінің білім деңгейін  мемлекеттік үлгідегі ҰБТ  сертификатымен дәлелдеулері қажет. 

Бұлардан басқа, резерв тобына Валерия Пак («Мұрагер» мектеп-лицейі), Сұлтан Өмірбай (Назарбаев зияткерлік мектебі) және Данабек Бүркітбай (№9 Қазақ-Түрік лицейі) алынды. Егер негізгі топқа қабылданғандардан біреулері қандай да бір себеппен ақтық кезеңде стипендия иегері құқығынан айрылса немесе бас тартса, онда   резерв тобына алынған кандидаттар кезек ретімен «стипендия иегері» атануға  үміткер бола алады.

«ПҚҚР» АҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz