Мұнай өндіру
2020 жылдың қорытындысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниялар тобында мұнай өндіру көлемі 1,123 млн.тоннаны құрады. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «ПетроҚазақстан» компаниялар тобында нақты мұнай өндіру 0,576 млн.тоннаны құрады, жылдық жоспар 1,051 млн. тонна.
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «ПҚҚР» АҚ кеніштерінде ұңғымалардың жалпы қоры 1218 бірлікті құрайды, оның ішінде пайдалану қоры 417 ұңғыма, консервациялауда 27 ұңғыма, бақылау қорында 435 ұңғыма және айдау қорында 241 ұңғыма, жойылған 67 ұңғыма, 31 су алу ұңғымасы.
«Көлжан» ЖШС бойынша ұңғымалардың жалпы қоры 93 ұңғыманы құрайды, оның ішінде өндіру қорында 46 ұңғыма, айдау қорында 17 ұңғыма, бақылау қорында 28 ұңғыма және 2 ұңғыма жойылды. ПКВИ бойынша игеру қоры 82 ұңғыманы құрайды.Компанияның кеніштерінде қолданылатын ұңғымаларды пайдаланудың негізгі әдісі, бұрандалы, штангалы, тереңдік сорғы қондырғылары, штангалық тереңдік сорғы қондырғылары және жүктелген электр орталықтан тепкіш сорғы қондырғылары қолданылатын механикаландырылған әдіс.