/**/

Наурыз – шуақты көктем мен молшылық мейрамы

Тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арнап «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ әсерлі көріністерімен есте қаларлықтай  думанды мейрам   ұйымдастырды. Бұл күні балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге асыр салып, би билеп қана қоймай, сыйлыққа тіл үйірер тәттілер, жұмсақ ойыншықтар және де свитер немесе кеудешелер алды.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаевтың айтуынша,  осы күні Наурыз тойын тойлауға 350 бала шақыру алған.

-Мерекелік ертеңгілікке шақыру қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы таратылды, -деп түсіндірді ол. –Жылда біз бұл шараға  қалаға  іргелес  жатқан  ауылдар мен поселке округтарынан тұрмысы төмен отбасылардың балаларын  неғұрлым көбірек қамтуға тырысамыз. Мақсатымыз – балаға өз әлеміндегі ғажайыпты сыйлау.
   
Той-думан «ПҚҚР» АҚ өкілдері Хұсайын Сәрсембаев пен компания кәсіподағының төрағасы Елеусін Дүйсеновтың құттықтау сөздерімен басталды. Олар балаларға мықты денсаулық, оқуда табыс, көктемгі көңіл-күй тілеп, кереметтің болатынына сену керектігін айтты.

Бұл күні барлық балалар сәнді киімдер киіп келді. Кейбіреулері ертегілердегі кейіпкерлердей киініп алса, ал енді бір  балалар ұлттық киімдер киіп келген. Көрермендер болса қызықты тамашалауға тықыршуда. Барлығы да қиялда ғана болатын бір ғажайыптың болатынынан үміттенгендей.  

Сонымен Қыдыр Ата, Күз, Қыс, Көктем және Жаз есімдерін иеленген кейіпкерлердің қатысуымен сахналық көрініс те басталды. Мазмұны бойынша жан-жаққа бытырап кете берген қозыларға еге бола алмайтын жас бақташының іс-әрекетін бейнелейтін биді «Балбұлақ» би тобы  өте тартымды орындады. Музыкасы мен орындауының әсерлі болғаны сонша, балғын көрермендердің көбісі орындарынан тұрып, биге қосылып кетті. Балаларда ертегі кейіпкерлеріне қосылып, бірге билеуге деген құлшыныс әсіресе өнер мектебінің жас әншілірі Арайлым Берік пен Димаш Әбу сахнада ән салғанда артты. Сөйтіп, балғындар залда үлкен серпіліс туғызды. 
 
Сонымен қатар түрлі конкурстар мен сұрақ-жауап сайыстары өткізілді. Балаларға  «ашамайға мінгізу» және  «айдар шаш алу» сияқты қазақтың ұлттық  дәстүрлері көрсетілді. Мұның біріншісі түп төркінін қазақ халқының көшпелі өмір салтынан алады. Ескіден жеткен есті сөзге ден қойсақ, ерте заманда көптеген қазақ сәбилеріне  жүрмес бұрын атқа отыруды үйреткен.  Сонымен қатар  баланы ерге отырғызып, колына қамшы ұстату сияқты да айрықша мән беретін салт болған.  Балалар бұл дәстүрді ден қойып көрді.  

Екіншісі дәстүр – ер балаға туғаннан айдаршаш қойып, оны бес жасқа толғанда қию ғұрпы.  Бұл рәсімді көрермендерге көрсетуге қатысқан балаларға марапат ретінде жұмсақ ойыншықтар мен термошәйнектер табысталды.
Мерекелік шара аяқталған соң балалар да, оларды ертіп келген ата-аналар да өздеріне осындай шат-шадыман мейрам сыйлаған «ПҚҚР» компаниясына разашылық сезіммен және көтеріңкі көңіл-күйде тарап жатты.

Қаракөз Сәбитова ертеңгілікке қызы Ақжот Сүлейменованы әкеліпті.
-Біз Қызылжарма поселкесінен келдік, – дейді ол. Отбасымызда төрт бала бар. Ертеңгілікке шақыру билетін аудандық әкімшіліктен алдым. Бізбен бірге псоелкемізден тағы төрт бала келді. Мұндай мерекелік шараға бірінші рет қатысуымыз және шақырылғандардың қатарында болғанымызға қуаныштымыз. Мейрамға осындай сыйлық жасаған ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Көңілдері қуанышты сезімге толы балаларымыз ұйымдастырушылардың Наурыз тойына арнап берген сыйлықтарына да дән риза. Компания басшылығына адамдарға деген ықыластары мен ізгіліктері үшін алғыс айта отырып, компанияның алдағы уақытта өркендеп, толағай табыстарға кенелуін тілеймін.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz