/**/

Отан Қорғаушылар күніне орай шағын футболдан өткен жолдастық турнир

Отан Қорғаушылар күніне орай шағын футболдан өткен жолдастық турнир 

2022 жылғы 6 мамыр күні Арысқұм кенішінің төбесі ашық жасанды жарыс алаңында Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған шағын футбол бойынша жолдастық турнир болып өтті. 

Салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер арасындағы корпоративтік рухты дамыту мен қолдау – турнирдің басты девизі болды. Жолдастық турнир үш құрама команданың арасында өтті, олар: Бас офистің құрама командасы, Құмкөл кенішінің құрама командасы және ҚАМ кенішінің құрама командасы еді. 

Өзінің құттықтау лебізін командаларға өндіріс жөніндегі директор Жұмабек Қонысбаев арнады. Ол  компания басшылығының атынан қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. «7 мамыр – Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Бұл күн сонымен бірге қазақстандықтардың қаһармандық ерліктерінің шежіресі саналады және Отанға адал қызмет етудің бұрыннан орныққан берік дәстүрлерінің лайықты сабақтастылығын бейнелейді. Сіздердің әрқайсыңыз – өз Отаныңыздың, өз отбасыңыздың, өз шаңырағыңыздың қорғаушысыздар. Әрқайсыңызға осы абыройлы міндет жүктелген. Және де Сіздер осы ‘туды’ мақтанышпен көтеріп жүруге тиіссіздер! Сіздерге ашық аспан, денсаулық, ерлік пен батылдық тілейміз!» – деп атап өтті өзінің құттықтау лебізінде Жұмабек Қонысбаев.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева да сол сияқты турнир қатысушыларына жеңіске жетулеріне тілектестік білдіріп, пандемия жағдайында қиындықпен өткен соңғы екі жылдан кейін корпоративтік іс-шараларды қайта жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетті. Мұндай іс-шаралар жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды және де бөлімшелер арасындағы сияқты өздерінің арасындағы командалық рухты нығайта түсуге бағытталған. 

Турнир айналымдық жүйе бойынша өткізілгендігін атап өтпекпіз. Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды – Бас офистің құрама командасы иеленді, екінші орынға алаң иелері – ҚАМ құрама командасы жайғасты, ал үшінші орынды Құмкөл құрама командасы еншіледі. 

Турнирдің жеңімпаздары компания атынан тағайындалған дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кәсіподақ комитеті белгілеген жүлде қоры І орын үшін – 60 000 теңгені, ІІ орын үшін – 50 000 теңгені, ІІІ орын үшін – 40 000 теңгені құрады. 

Жолдастық турнирдің барлық қатысушыларын құттықтаймыз! 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz