ОТБАСЫЛЫҚ МАРАФОН: БІР-БІРІҢЕ АРҚА СҮЙЕ!
Отбасы – әрқайсымыздың өміріміздегі басты нәрсе. Дәлірек айтқанда, біз отбасымызда сүйіспеншілікке, жауапкершілікке, қамқорлық пен сыйластыққа үйренеміз. Нақ осындай қасиеттерді «ПетроҚазақстан» отбасылық марафонының қатысушылары паш ете білді, аталған іс-шара өткен жексенбіде «Арай-Санрайз» балалардың тынығу лагерінде болып өткен еді.
«ПетроҚазақстанның» спорттық-отбасылық марафоны өткізілер күні ауа райы да шуақты, қоңыр салқын күйде, көңіл қалағандай болып тұрды. Жарыстарға 5 отбасы-команда қатысты, олар: Ғабит Жәкебаевтың отбасы («Сұңқар» командасы), Сәбит Сұлтанның отбасы («Жоғары лига» командасы), Ғабит Нұрқожаевтың отбасы («Нұр айти» командасы), Әділжан Молдабековтың отбасы («Әлем» командасы) және Айжан Толыбекованың отбасы («Үш А» командасы) болатын.
Отбасылық марафонның бағдарламасы мыналарды қамтыды: веложарыс және спорттық эстафета. Сағат 10:00-де қатысушылардан құралған барлық командалар сапқа тұру үшін шақырылды және көңілді, жалынды флешмобтан соң жарыстарды бастауға старт берілді. Қатысушылардың жүздерінен толқу сезімі байқалып тұрды, өйткені бұл түсінікті де еді, себебі секунд өлшегіштің старты бойынша дайындалып, күнде аяқты педальға салып, жарысқа шығудың сәті түсе бермейді ғой.
Веложарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Жоғары лига» командасы, 2- ші орынды – «Сұнқар» және 3-ші орынды «Нұр Айти» иеленді. Ынталандыру үшін берілетін 4-ші орын «Әлем» командасының еншісіне бұйырды.
Веложарыстан соң қатысушылар жасанды жамылғы төселген жаңа футбол алаңына бет алды, жарыстар осы жерде жалғасын тапты. Қаппен секіру, шығыршықтағы өткел, бадминтондық воланды жүргізу – осы сайыстар отбасылық командаларды күтіп тұрды. Бұл жерде қатысушылар үшін төрт турдан құралған эстафета дайындалды. Жарыстардың бұл түріндегі атап өтер маңызды сәт отбасының әрбір мүшесінің командалық, айқын ауызбіршілікпен қатысуы болып табылды. Эстафета лагерьде тынығып жатқан балалардың қиқуға толы көңілді дауыстарына бөленді. Трибуналардан жарысушыларға қолдау білдірген қызу қошеметтері естіліп жатты. Спорт эстафетасында жеңісті «Нұр Айти» командасы иеленді, екінші орынды «Үш А» командасы алса, ал үшінші орынға «Жоғары лига» командасы жайғасты.
Марафон жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар – электрлі ет турағыштар, бумен дайындайтын ас қазандары, ыдыс-аяқ жинақтары, фотоаппараттар мен шайнектер тапсырылды. Қатысушылар мен жанкүйерлер жарыстардан мол ләззат алып, зор әсерге бөленді. Өткізілген іс-шара барлық уақытта да спорттық жағдайда, дені сау әрі сән-салтанаты жарасқан жан ретінде жүруге болатындығын айғақтады. Бақытты және салауатты отбасы болу бұл үлкен бақыт және табыс! Біз үшін оларға бірі-бірлеріңізге арқа сүйеп, тығыз қарым-қатынас пен отбасы жылуын сақтаңыздар деп тілек айту ғана қалып тұр!
Сәбит Сұлтан, салықтар жөніндегі менеджер:
«Отбасылық марафонды үлгілі ұйымдастырып, ойдағыдай өткізу идеясы үшін, тамаша жүлделер, сыйлықтар, фотосуреттер мен жайылған дастархан үшін зор ризашылығымды білдірсем деймін. «Арай Санрайз» балалар лагерінің бүкіл командасына арнайы алғыс айту керек!
Мұндай іс-шаралар отбасы мен ұжымды нақты жағдайда ұйыстыра түспек. Біз бүкіл отбасымызбен уақытты тамаша өткіздік, көңіл күйі мен әсер дегеніңіз көл-көсір. Мен отбасылардың әрбір ойынға ынты-шынтымен берілгендігіне, балақайлардың бір-біріне қалай жанкүйер болғандығына және қолдау көрсеткендігіне куә болдым. Көптен бері осылай секіріп, айналған емес едім, балалық шақты еске түсірдім, тұла бойыма қан жүгірттім. Өз балаларым мен әріптестерімнің балалары үшін, олардың өзін-өзі ұмытып ойынға соншалықты берілгені, энтузиазмы үшін кеудемді ерекше мақтаныш сезімі кернеді. Зайыбымның отбасындағы командалық рухты қолдап веложарысқа қатысуға келіскені үшін разымын, өйткені ол бұған дейін велосипед теуіп көрген жан емес еді, ағашқа соғылып жарақат алғанына қарамастан ол саптан шыққан жоқ.
Біздің компания алдағы кезде де осындай іс-шараларды жиі өткізіп, салауатты өмір салтын сақтап, балаларымыздың жан-жақты өсіп-дамуына қолдау білдіреді береді деп үміт артамын!
Сол сияқты өзімнің барлық әріптестерімді осы сияқты іс-шараларға жаппай қатыса беруге шақырғым келеді, өйткені бұл шараларға балалар да атсалысатын болады, ал балалар дегеніміз – біздің болашағымыз! Отбасы – өмірдегі ең асыл қазынамыз! Спорт пен денсаулық әр уақытта да жаңа әрі сәнді қажеттілік болып қала бермек!»
Әділжан Молдабеков, аға талдаушы:
«Көп нәрсе жазғың келеді ғой, бірақ спартакиададан алған сезімдер мен ұшан-теңіз әсерлерді сөзбен айтып жеткізу де қиын. Бұл айрықша сергектік сыйлаған сезімдік көңіл күйі болды. Спартакиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғары деңгейде іске асырылды. Көңіл күйі өте тамаша болды, әріптестермен арада жылы лебіз сезілді.
Кикілжіңді жағдайлардың жоқтығы, ұйымдастырушылардың жарыс қатысушыларына деген ізгі ниетті көңілді жайғастырды! Осының барлығы (мамыражай ауа райын қоса алғанда) көпшілік ерекше, шуақты, мерекелік көңіл күй ауанын қалыптастырды және спартакиаданы зор ауқымды, сәнді, спорттық мейрамға айналдыруға ықпал етті, бұл тек қатысушылар үшін ғана емес, лагерьде тынығушы барша балалар қауымы үшін де тамаша мереке болды!
Өзімізге келетін болсақ, спартакиада барлығымыздың да ішімізде бұйығып жатқан әлдеқандай күш-қуатымыздың көзін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге шығармашылық қабілеттерімізді оятты, сөйтіп, бұл әсер ойнақы да қуатты биге ұласып, олардың лагерьдегі жолдастарымен бірге жасаған флешмобы кезінде жарқырай көрінді!
Жарыспен қоса, біздер отбасымызбен және әріптестерімізбен қоса бір мезгілде белсенді түрде тынығып, кезек-кезек өзімізді бейне бір тауда, орманда, ашық алқапта және шипажайда жүргендей сезіндік.
Ұмытылмастай әсер сыйлаған мәдени бағдарлама ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ, біз армансыз демалдық және көңіл көтердік».