/**/

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегіші

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Көксарай су реттегішінің су басу аймағынан зауыттың ағызынды суларын жинайтын буландырғыш-тоғанын Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына көшіру жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының келісім-шарттарына 01 маусым 2009жылы қол қойды. Осындай жұмыстарды жүргізуге тиісті лицензиялары мен тәжірибесі және жеткілікті материалдық-техникалық базалары бар «А и К Строй» ЖШС мен «Гео Арх Проект» ЖШС осы жұмыстарға жарияланған ашық тендердің жеңімпаздары болып табылды. Осы жоба бойынша құрылыс жұмыстарына Компания шамамен 440 миллион теңге жұмсайды деп жоспарлауда. Мердігер компаниялар келісім-шарт бойынша осы жұмыстарды 2009 жылғы 1 қазанға дейін бітіріп беруге міндеттеме алды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Көксарай су реттегішін салу қажеттігі туралы бастамасын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС толық қолдайтынын білдірді. Сондықтан, компания басшылығы жаңадан бөлінген учаскеде ағызынды суларды жинайтын буландырғыш-тоған құрылысын салу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуге ерекше көңіл бөледі және ол үшін барлық қажетті іс-шараларды жетекшілік ететін министрліктермен және ОҚО Әкімдігімен келісуге бар мүмкіндікті қарастырады.   

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz