/**/

ПетроҚазақстанның жаңа жылдық сыйлықтары

23 желтоқсанда Еңбекші ауданының әкімдігі ПетроҚазақстан компаниясының қаржылай қолдау көрсетуімен Шымкент қаласындағы балалар және жасөспірімдер орталығы сарайында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан және жетім 300 бала үшін жаңа жылдық шырша өткізді. Салтанатты сәнделген залда балалар Аяз атамен, Қарша қызбен және әртүрлі ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, ертегі қойылымдарына қатысып, көңіл көтерді. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан әр балаға 2015 жылы зор денсаулық, үлкен бақыт, мол табыс тілеп тәтті кәмпит-шоколодтары бар сыйлықтар берілді. «ПКОП» ЖШС-нің өкілдерімен бірге балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясовта құттықтады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz