/**/

ПетроҚазақстан алтын қолдары

ПетроҚазақстан алтын қолдары

Үстіміздегі жылдың 5 наурызы күні Қызылорда қаласындағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының Бас офисінде «ПетроҚазақстанның алтын қолдары» атты шығармашылық жұмыстар мен hand-made өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті.

Жеті ісмер қыз бұл іс-шарада өз қолдарымен жасаған нағыз сиқырлық ғажайыбын көпшілік қауымға тарту етті. Бұл талантты ісмерлер: Жібек Игілікова, Ботагөз Тұрсынбаева, Оксана Черникова, Жанар Сейітмұратова, Әсел Әпірезова, Элина Эльжурхаева, Асылзат Төлепбергенова болып шықты. Жәрмеңкеде картиналарды, эко-сөмкелерді, құрақ-көрпені, майда моншақтан жасалған бұйымдарды, тоқылған ойыншықтарды, цементтің құймасынан және гипстен жасалған бұйымдарды, кулинарлық және диеталық піскен өнімдерді қызықтап тамашалаудың сәті түсті. Олар үлкен қажырлы жұмыс атқарып, өздері жасаған бұйымға бар ынтасы мен күш-жігерін салды. Көптеген шеберлер үшін шығармашылық – тек қана әуесқойлық, мамандық емес деген пайымдауға сенудің өзі де қиын.  

Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін олардың әріптестері мен компания басшылығы жоғары бағалады. Барлық жұмыстар өзінің түпнұсқалылық және эстетикалық ерекшелігімен жиналған қауымды қуанышқа бөледі, және ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Басқарма төрағасыЧжао Сяомин мырза нәзік жанды қауымды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға көктемгі көтеріңкі  көңіл күй тілеп, алға қойған  ауқымды жоспарларды жүзеге асыра беруге үндеді.

Сол сияқты басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары Суфия Даминова, басқарма төрағасының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Қуаныш Әжібеков, басқарма төрағасының заң мәселелері жөніндегі орынбасары Дәурен Кәдеев, күрделі құрылыс жөніндегі директор Сейілбек Беркенов те жылы лебіздерін арнады. Олар әріптестеріне арман-тілектерінің орындалып, табысқа жетулеріне және денсаулықтарының мықты болуына тілектестік білдірді.   

Шығармашылық жұмыстардың иелеріне компания атынан қызғалдақ гүл шоғырлары ұсынылып, дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ісмер қыздарды алда келе жатқан көктемгі мерекелермен құттықтаған кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева да іс-шараның қатысушыларына қызғалдақ гүл шоқтарын сыйлап, Tupperware брендіндегі экологиялық ыдысты тарту етті. 

Көрмеге қатысушылардың барлығына алғыс айтамыз. Сіздерге шығармашылық табыстар, тың идеялар мен шалқар шабыт тілейміз!

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН АРУЛАРЫМЫЗ 

Игілікова Жібек қолы бос уақытта шалма бізбен ойыншықтар тоқумен әуестенеді. «Маған бала кезімнен кішкентай бүлдіршіндердің ойыншықтары ұнайтын, оларды маған сыйлаған кезде қуанышымда шек болмайтын.  Бір күні кешкілік отырғанда кесте инесін, иірілген жіпті сатып алып, әйтеуір бірдеңені байластыру ойыма келді. Ютуб-арнадан тоқу бойынша өткізілетін шеберлік класын көріп алдым. Ең алғашқы еңбегім, мынау кішкентай сулықтарды, асүйге арналған тұтқыштарды, содан соң шағын мойын орағышты және т. б. жасадым. Бұрын ештеңе тоқып көрмесем де, бәрі ойдағыдай шықты. Қазір бұл әуестік хоббиіме айналды». 

10

Элина Эльжурхаеваның сүйікті ісі –диеталық торттар пісіру, бұл іспен ол сәбилері дүниеге келісімен-ақ айналыса бастаған еді. «Мейрамдарда әдемі, дәмді әрі табиғи шағын торттар пісіргім келетін. Балалалар дегеніміз – бұл біздің ең жақсы жігерлендірушілеріміз ғой, бөбектерді түрлі тәттілермен қуанту үшін бәрін де істейміз. Өзің дайындаған ПП-жемістік жеңіл тағамдар дәмдік сапасы жағынан тәтті нандар мен торттардан еш кем түспейді, сонымен қатар құрамында зиянды майлар және қант болмайды». 

Оксана Черникова үшін өзі айналысатын фотосурет өнерінен басқа тағы да бір сүйікті ермек ісі – цемент пен гипстен өз қолымен жасаған бұйымдар болатын (кашпо, қолдан жасаған мүсіндер және басқалар). Бұлар ұсақ заттарды құрап жасау үшін таптырмас материалдар саналады. Көптеген жандарға бұл бұйымдар әдемі әрі әдеттен тыс қолмен істеген заттармен толыққанда ерекше ләззат сыйлайды. «Интернетті қарап отырып бетоннан дайындалған гүлді құмыраларды көріп едім, маған сол бойда-ақ ұнады. Мен де осылай істеп көргім келді, сосын бұл қызғылықты іс мені өзіне еліктіріп әкетті. Бетон қоспасының құймасында осыншалықты ғажайып мүмкіндіктер болады деп әсте ойламаппын!».

Жанар Сейітқасымова сан алуан әуестенушіліктермен шұғылданады. «Мені әрқашан қолөнердің тылсым сырлары өзіне еліктіріп тартып тұратын. Қолым қалт етсе, тоқыма тоқимын, құрақ-көрпе, экосөмкелер және басқалар тігемін. Салт бойынша қазақ отбасыларында тұлымшақты қыз баланы ерте бастан шаруашылыққа: іс тігуге, тоқыма тоқуға, ас әзірлеуге баулиды. Сол себепті бұл дағдылар менің бойымда бала кезден-ақ қалыптасқан. Демалыс күндері туыстар мен жақын жандарға торттар, тәтті нан эклерлерін пісіргенді ұнатамын».  

Бота Тұрсынбаеваға сурет салу өнері ұнайды. Сурет салудың арқасында ол күнделікті қарапайым өмірдің өзінен әдемілікті көріп жан-тәнімен түйсінуді үйренді. «Мен өмірде жалпы нәзік жанды адаммын. Жан-жағымның әрдайым әсемдікте болғанын жақсы көремін. Маған тіпті көңілсіз сұрғылт көрінетін заттардың өн бойына әлде бір нәзіктік пен ерекшелік қасиеттерін сіңіре білу ұнайды.  Сурет салу маған тыныш күйге ауысып, өзімді-өзім тани түсуге, қоршаған әлемнен сырт қалып, шығармашылық пен сұлулық әлемінде өмір сүруге жәрдемдеседі. Мені әзірге өз ісінің кәсіби маманы деп айту ертерек, ең бастысы мен әуесқоймын. Мен жай ғана өзіме ұнайтын нәрсені жасаймын, және уақыт өте келе менің шеберлігім бұрынғындан да шыңдала түсіп, ойға алған дүниелерім бұдан да әдемі бола береді деп үміттенемін.» 

Асылзат Төлепбергенованың айналысатын сүйікті шаруасы – моншақ өру. «Моншақ өру – өте қызғылықты әрі еліктірерлік іс. Маған ол күнделікті күйбең тіршіліктен арылып, жақсы тынығуға көмектеседі. Бірақ, бұдан бөлек ол өз қолыңмен нағыз өнер туындысын жасап шығарған кезде ерекше масаттану сезімін бастан кешуге септігін тигізеді. Қолға алған алғашқы жұмыстарымның бірі – бұл менің сіңлімнің ұзату тойына дайындаған қамзолды моншақпен әшекейлеп безендіру болған еді.».   

Қолы бос уақытта Әсел Әпірезова кондитерлік өнімдер: торттар, капкейктер, маффиндер, безе, печенье және басқа да тәттілерді дайындаумен айналысады. Ол торттарды жасаумен күнделікті жұмыстан кейін және демалыс күндері шұғылданатындығын айтып берген еді. Айтуынша бір тортқа шамамен 5-6 сағат жұмыс уақыты кетеді екен. «Мен үшін торттарды жасау – сүйікті хоббиім саналады. Торт дайындап жатқан уақытта мен бәрін де ұмытамын. Менің хоббиімді туған-туыстарым да, таныстарым да ұнатады». 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz