/**/

ПетроҚазақстан компаниясының кен орындарына баспасөз сапары

Шымкент мұнай өңдеу зауыты ЕВРО -3, 4 және 5 стандартты бензин шығаруға сатылап көшетін болады. Экологиялық қауіпсіздік мақсатында үкімет тарапынан осындай талап қойылды.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты ЕВРО -3, 4 және 5 стандартты бензин шығаруға сатылап көшетін болады. Экологиялық қауіпсіздік мақсатында үкімет тарапынан осындай талап қойылды. Біздің тілшіміз Зимфира Воробьева мұнайды өндіруден отынға айналдыруға дейінгі бүкіл үдерісті зерделеді, сондай-ақ мұнайшылардың әлеуметтік жобалары туралы білді.

Құмкөл кен орны – Қызылорда қаласынан небары 200 км жерде орналасқан, бұл ПетроҚазақстан компаниясының бүкіл өндірісінің өзегі. Жыл сайын мұндай 4 миллион тоннадан астам мұнай өндіріледі. Өндірілгеннен кейін қара алтынды су мен газдан бөліп алады. Қысымды ұстап тұру үшін суды жер қатына кері айдайды, ал газды пайдаға жаратады.

Жу Фумин – “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” компаниясының кен орнын іске пайдалану жөніндегі директоры:

– Газдың үлкен көлемі біздің нысандарда отын ретінде пайдаланылады, ал қалған газ болашақ мұқтаждар үшін жер қатына кері айдалады.

Қайта өңделетін мұнай Шымкент зауытына жеткізіледі. Компанияның жоспарында жоғары сапалы ЕВРО 5 бензинін шығаруға біртіндеп көшу ісі тұр. Үстіміздегі жылдың қазан айында зауыт бір ай мерзімге созылатын күрделі жөндеуге кіріседі. Қолданыстағы қондырғылар жаңартылады.

Цзян Ши, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясының өндіріс жөніндегі вице-президенті:

– Қазақстанда небары үш МӨЗ бар. Демек, зауытты тоқтату бензиннің мөлшерін үштен бірге азайтады. Бірақ, кез келген жағдайда мұнай және газ министрлігі зауыттың осылайша тоқтатылуына дайындалады деп ойлаймын. Сондықтан да біз жөндеуге қазан айында, барлық астық жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін кетеміз.

Жыл сайын компания мұнай өндіру мен қайта өңдеу жұмыстары жүргізілетін аймақтарды дамыту мен қолдауға миллиондаған доллар жұмсайды. Әлеуметтік мәселелерге мұнайшылар ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Қызылорданың Сәбилер үйі қамқорлыққа алынды. Мұнда дамуы жағынан кешеуілдеген сәбилер тәрбиеленеді.

Гүлназ Анасбаева – Қызылорда қалалық Сәбилер үйінің бас дәрігері:

– Олар бізге барлық корпустардағы терезелерді, есіктерді, едендерді ауыстырды, төбелерді қайта жасады, верандалар тұрғызды.

Мұнайшылар Жаңақорғандағы балалар үйі мен Шымкенттегі Жастар үйін, сондай-ақ Сайрамдағы балалар үйін қамқорлыққа алған. Балаларды кәсіпқой хореографтар би өнеріне үйретеді, экономика негіздерін танымал мамандар оқытады. Ал шағын бизнесті меңгеруді қалаған ересектерге қажетті жабдық беріп көмектесуге болады. Көп балалы және әл-ауқаты төмен бірнеше ана сыйлыққа тігін машиналарын алып та үлгерді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz