/**/

ПетроҚазақстан компаниясының президентімен кездесу

25 қарашада ПетроҚазақстан компаниясының Президенті Вэй Юйсян мырзаның, стратегиялық коммуникациялар жөніндегі Вице-президент Б.И. Исенғалиевтың біздің компания демеушілік көрсетіп келе жатқан №4 Сайрам балалар үйінің директоры Тастыбаева Нұрсәуле Бегулиевнамен, ҚР көркем гимнастика бойынша бас тренері Юсупова Әлия Махсұтқызымен, Балет мектебінің директоры Мейірбекова Лямиля Тайкенқызымен, Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Маймақов Әнуарбек Әбдібекұлымен, №99 ом директоры Наурызбаев Бахытжан Спабекұлымен және №65 ом директоры Қадырбаева Қатира Қырғызбайқызымен кездесуі болып өтті.

Кездесуге ОҚО әкімінің орынбасары Айтаханов Ерлан Қуанышұлы қатысты. Балалар үйінің акті залында осы ұйымдардың және мекемелердің басшылары ПетроҚазақстанның қаржылай қолдауымен қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы айтты. Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы Ж.М. Мәуленқұловқа Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 70 жыл толуына орай соғыс ардагерлеріне OTAU TV спутникті теледидарды сатып алуға және орнатуға «5 миллион теңге» ақшалай сертификатын табыс етті. Қонақтарға балалар концерттік бағдарлама сыйлады.

Сонан соң «ПетроҚазақстанның» президенті Вэй Юйсян мырза Вице-президент Б.И. Исенғалиевпен бірге «Қолөнершілер үйіне» барды, ол жерде қолөнершілер әулетінің басшысы Б.Бейсбеков Оңтүстік Қазақстан облысы қолөнершілерінің жетістіктері туралы және ПетроҚазақстанның киіз өңдеуге арналған қымбат жабдықтарды, кілем және зергерлік бұйымдарын жасайтын қондырғыларды сатып алуға дер кезінде көрсеткен көмегі туралы айтып берді. Түстен кейін құрметті қонақтар №65 қамқорлықтағы орта мектепке барды, директоры пән кабинеттерін және компанияның қаржылай қолдауының арқасында сатып алынған оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған бастауыш сынып кабинеттерін көрсетті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz