/**/

“ПетроҚазақстан” компаниясының тұңғыш Олимпиадасы

«ПетроҚазақстан» компаниясы енді тек бизнестегі табыстарын ғана емес, сондай-ақ өз қызметкерлерінің спорттағы жетістіктерін де мақтан тұта алады. Демалыс күндері Алматыда компанияның тарихында тұңғыш рет филиалдардың қызметкерлерінің арасында Спартакиада өтті. Алматы, Қызылорда мен Шымкенттен келген үш команда өздерінің қабілетін көрсетті.

«ПетроҚазақстан» компаниясының мұнай саласындағы жетістіктері туралы көп естиміз. Қызметкерлердің ынтасы мен корпоративтік рухын қолдау үшін кәсіпорында жекелеген іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылатын. Ал Спартакиада сияқты дәл осындай ауқымды іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Ол корпоративтік рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Чэнь Да Ю, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының вице-президенті: «Бүгін осындай іс-шара кезінде біздің достығымыз нығая түседі деп үміттенеміз, себебі біз түрлі құрылымдарда жұмыс істейміз, сондықтан бір бірімізді тек телефон арқылы ғана білеміз. Алматы, Қызылорда мен Шымкент қалаларынан келген үш команда спорттың төрт түрінен сайысты. Үстел теннисі, бадминтон, шахмат, ал қазір қызметкерлердің арасында шағын футбол да танымал болып үлгерді. Қатысушылардың арасында компанияның тек қатардағы қызметкерлері ғана емес, жоғары басшылығының да өкілдері бар. Олар дәрежелері мен лауазымдарына қарамастан, жеңіс жолында иық тіресе күресті. Есенгелді Ерубаев, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қаржы бөлімінің қызметкері : «Бұл тұңғыш Олимпиада болғандықтан, біздің алған әсеріміз бастан асады! Мен басқа компаниялар мен басқа қалалардағы әріптестеріме тек спортта ғана емес, өздерінің алдағы жұмыстарында да табыс тілегім келеді!»

Спартакиаданың соңғы аккорды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу болды. Журналистердің компанияға тән корпоративтік рухты шын мәнісінде сезінуіне тура келді. Олар петроқазақстандықтардан 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Гений Тулегенов, спорт газетінің бас редакторы: «Қызметкерлер түрлі аймақтардан келсе де, олардың футболмен үнемі айналысатыны көрініп тұр. Олар тамаша ойнайды!» Кубоктар тапсырылды, медальдар мен жүлделер жеңімпаздарды тапты. Компаниядағы спортқа құштарлық мұнымен бітпейді. Мұндағылардың көкейкесті арманы – халықаралық жарыстар ұйымдастыру. Осы арманға жету жолында олар бұдан былай да ойнап, жаттыға береді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz