/**/

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015 жылға арналған стипендиялық бағдарлама

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015 жылға арналған стипендиялық бағдарламасына» қатысуға өтініштер қабылдау басталды.

Бағдарламада Қызылорда облысында тұрғылықты тұратын, 21 жасқа толмаған орта білімді Қазақстан азаматтарының бакалавр дәрежесін алуына арналған «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша атаулы стипендия қаралған. 


Стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін үміткерлердің:
1. ҚР азаматтығы, Қызылорда облысындағы тұрғылықты тіркелімі;
2. Орта білімі, 2015 жылғы мектеп бітіруді қоса алғанда;
3. Жасы 2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 21-ден аспаған;
4. Үлгірімінің орташа балы – 5 балдық жүйе бойынша кемінде 4, 4 балдық бағалау жүйесі (GPA) бойынша кемінде 3.3;
5. Ағылшын тілін жақсы меңгерген деңгейі болуға тиіс.


Қатысу өтінімдерін тапсыруға қажетті түпнұсқа құжаттардың тізімі:
1. Үлгірімді растайтын құжат:
    a. 11-сынып оқушылары үшін 10 және 11-сыныптағы үлгірім табелі;
    b. Студенттер үшін ресми транскрипт (үлгірім парағы);
2. Жеке куәлік;
3. 3*4 сурет – 2 дана.
4. 2014 жылғы ҰБТ сертификаты (бар болса);
5. Шет тілінен ресми сертификаттары (ағылшын тілінен – TOEFL / IELTS, қытай тілінен – HSK), (бар болса);
6. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың дипломдары (бар болса);
7. Қабылдау комиссиясы қажетіне қарай басқа да растау құжаттарын сұрату құқығын өзінде қалдырады.


Құжаттар 2015 жылғы 03 наурыздан бастап 13 наурызды қоса алған мерзімге дейін мереке, демалыс күндерінен, сенбі және жексенбіден тыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Қызылорда қаласы, «Кәсіподақтар үйі» ғимараты, Әйтеке би көшесі, 17, 3-қабат, 24-кабинет, қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімі. Анықтама алу телефоны: 8 (7242) 29-97-12, 29-95-89


Құжаттар қабылдаудың соңғы мерзімі – 2015 ж. 13 наурыз, сағат 18:00-ге дейін!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz