/**/

«ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің 2017 жылғы қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл акционерлері болып «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) табылатын, мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ мұнай өнімдерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын компаниялар тобы. Барлау мен өндіру бойынша Топтың барлық операциялары Қазақстан Республикасының солтүстігінде және орталық бөлігінде Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында шоғырланған. Топтың кен шығару кезеңдері түрлі он үш кен орнындағы үлесі бар. Өндірілетін өнімдердің көпшілігі ішкі нарыққа жеткізіледі, шикі мұнайдың экспорты бірнеше тиеу орындары арқылы Қытай мен Өзбекстан бағыттарымен жүзеге асырылады.
Негізгі еншілес кәсіпорындары: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (100%), «Көлжан» ЖШС (100%), «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (100%), «ПетроҚазақстан Сауда үйі» ЖШС (100%), «Торғай Петролеум» АҚ (50%), «Қазгермұнай» БК» ЖШС (50%), сондай-ақ өзге заңды тұлғалар. Топ 1057 лицензиясындағы («Көлжан» ЖШС және «SSM Oil» ЖШС бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне және 951Д лицензиясындағы («ПетроКазахстан Венчерс Инк.» және «Ориент Петролеум (Сентрал Эйжа) Лтд.» бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне ие. Сонымен қатар, ПҚҚР «Торғай-Петролеум» компаниясымен консорциум құрай отыра (i) мұнай құбыры және (ii) ГТЭС-ның құрылысы бойынша жобаларды іске асыруда.
Қорлардың өсуі, жаңа блоктарды сатып алу, жаңа объектілерді барлауға рұқсат алу, қолданыстағы аймақтарды кеңейту және табысты барлау бұрғылау – осының бәрі компанияның ұзақ мерзімді міндеті болып табылады. 2017 жылы ПҚ бақыланбалы өндіру бөлімшесі (ПҚҚР, Көлжан, 1057 (50%) және 951Д (75%) лицензиялары бойынша бірлескен кәсіпорындар) бойынша қорлардың өсуі SEC жіктемесіне сәйкес шамамен 1,5 млн. тоннаны құрады, және, сонымен қатар, ҚР пайдалы қазбалар жөніндегі мемлекеттік комиссиясында тағы 1,4 млн. тонна қорды тіркеу жоспарлануда.
2017 жылдың барысында 77 ұңғыма бұрғыланған, соның ішінде 55 ұңғыма бақыланбалы өндіру бөлімшесімен, және 22 ұңғыма «Қазгермұнай» БК» ЖШС-мен бұрғыланды. Бұрғыланған 77 ұңғыманың 17-сі барлау және бағалау, ал 60-ы – тәжірибелі және пайдалану ұңғыма болып табылады. Мұнайды барлау және пайдалану ұңғымалары арқылы табу табыстылығы тиісінше 64% және 95%-ды құрады.
ПҚИ тобы өзінің акционерлерімен 2017 жылға бекітілген жоспарланған өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізді. Жалпы өндіру көлемі 5186 мың тоннаны құрады, бұл бюджетпен бекітліген деңгейден (5092 мың тонна) 58 мың тоннаға асты. Топ шикі мұнайдың шамамен 78%-ын ішкі нарыққа жеткізеді, бұл экспортқа қарағанда азырақ таза табыс түсіреді. Алайда, операциялық шығындарды кәмілдірек бақылау, сауатты корпоративтік басқару, өнімдердің тиімдірек өзіндік құны мен өткізу бағасы арқасында 2017 жылы Топтың пайдасы 2016 жылмен салыстырғанда өсті. Әлеуметтік жауапты компания бола тұра, ПҚИ өндіру бөлімшесі түрлі әлеуметтік жобаларға 5,4 млн. долларын инвестициялады.
ПҚИ өндіру бөлімшесі өндіру көлемінің төмендеуі, жоғары суландырылу деңгейі, жоғары операциялық шығындар мен ішкі нарықтағы сатулар көлемінің жоғары деңгейі сияқты қиыншылықтарға тап болғанына қарамастан, ПҚИ басшылығы болашаққа зор үмітпен қарайды және табысты барлау, қорлардың өсуі және барлық операциялар мен өндіруді заңнама мен прогрессивті салалық тәжірибеге сәйкес жүргізу есебінен энергия ресурстарын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге талпынуда.


ӨҢДЕУ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) ЖШС – Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауыты. 1985 жылы салынған зауыт Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының ішіндегі жаңа зауыты болып табылады.
2017 жылғы «ПҚОП» ЖШС мұнай өңдеу көлемі 4 млн. 686 мың тоннаны құрап, бұл ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жоспарынан 107,47%-ды құрап, жоспардан 326 мың тоннадан асты. Мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері 4 млн. 388 мың теңгені немесе жоспардан 107,5%-ды құрады. Бұның ішінде келесідей мұнай өнімдері өндірілді:
 бензин – 1 027,45 мың тонна, жоспардың орындалуы 107,47%-ды құрады, бұл жағдайда 69,02% жоспарланғанда, жоғары октанды бензиндер үлесі автобензиндердің жалпы көлемінен 85,82%-ды құрап, бұл жоспардың 124,3%-ға орындалуын құрады;
  дизель жанармайы – 1 209,36 мың тонна, жоспардың орындалуы 104,67%-ды құрады;
 авиациялық керосин – 279,7 мың тонна, жоспардың орындалуы 126,97%-ды құрады;
 сығылған газ – 96,9 мың тонна, жоспардың орындалуы 92,47%-ды құрады;
 вакуумдық газойль – 818,1 мың тонна, жоспардың орындалуы 103,95%-ды құрады;
  мазут – 955,9 мың тонна, жоспардың орындалуы 111,47%-ды құрады;
 техникалық күкірт – 457 тонна жоспарланғанда, 554 тоннасы өндірілді, жоспардың орындалуы 121,23%-ды құрады.

2017 жылдың 30 маусым күні К-4, К-5 экологиялық кластардың жоғары октанды бензиндердің өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензиндік фракцияларды изомеризациялау қондырғысы пайдалануға берілді. Сапа сәйкестігі туралы декларация алынды.
2017 жылдың желтоқсан айында К-4, К-5 экологиялық класстардың дизель жанармайы алынған болатын. Сапа сәйкестігі туралы декларация алынды.
Осылайша, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру» жобасының 1-кезеңі аяқталды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС отандық мұнай өңдеу зауыттарын дамытуды айқындайтын Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламасына сәйкес, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құрудың» ауқымды жобасын іске асыруда.
Жобаны жүзеге асырудағы артықшылықтардың қатарына: импорттың орнын басу және ҚР ішкі нарығын қамтамасыз ету ниетімен жеңіл мұнай өнімдерін шығаруды арттыру мақсатында зауыттың қуаттылығын өрлету, Шымкент қаласында жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістің экономикалық қауіпсіздігін ілгері жақсарту жатады. «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру» жобасының орындалуы 2 кезеңнен тұрады.
1-кезеңі аяқталды.
• Қуаты жылына 1,5 млн. тоннаны құрайтын дизель жанармайын гидротазалау қондырғысы – пайдалануға берілді;
• Қуаты жылына 4 мың тоннаны құрайтын күкіртті өндіру қондырғысы – пайдалануға берілді;
• Қуаты жылына 2,5 млн. тоннаны құрайтын мұнай өнімдерін нүктелік құю автоматтандырылған қондырғысы – пайдалануға берілді, 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары ішінде 251,4 мың тонна бензин құйылды.
• Қуаты жылына 600 мың тоннаны құрайтын изомеризацияау қондырғысы – пайдалануға берілді, К-4 экологиялық класының 570,7 мың тонна жоғары октанды бензин көлемі өндірілді.
2-кезең – аяқталуға жақын
жоба 92%-ға орындалды, соның ішінде:
– 26 700 астам жұмыс сұлбалары немесе олардың 100%-ы әзірленді;
– 1 408 жабдық бірліктерінен 1 408 бірлігіне немесе 100%-ға тапсырыс орналастырылды, солардың ішінде 1 237 бірлігі немесе 87,8%-ы жеткізілді, 1171 бірлігі немесе 83,2%-ы монтаждалды;
– Бетонның 56 876 м3-нен 56 851 м3-і немесе 99,9%-ы құйылды;
– Темірбетон құрылымдарының 2 875 м3-нен 20 852 м3 немесе 99,9%-ы монтаждалды;
– Темірбетон құрылымдарының 20 379 т-нан 20 310 т-сы немесе 99,7%-ы монтаждалды;
– Технологиялық құбыржолдардың 524 км-нен 501 км-і немесе 95,6%-ы монтаждалды;
– Электр кабельдердің 960 км-нен 750 км-і немесе 78,1%-ы монтаждалды;
– БӨА кабельдерінің 1 318 км-нен 1 045 км-і немесе 79,3%-ы монтаждалды және т.б.

2017 жылдың 29 желтоқсан күні 2-кезеңнің Жалпы зауыттық объектілерінің механикалық аяқталуы қамтамасыз етілді. Механикалық аяқталу актісіне қол қойылды, іске қосу мен жөндеу жұмыстары басталды.

Негізгі күндері
 15 наурыз 2018 ж. – Технологиялық қондырғылардың механикалық аяқталуы;
 01 шілде 2018 ж. – Шикізатты қабылдау (ЖВА циркуляциясы).
 30 қыркүйек 2018 ж. – Кепілдік көрсеткіштеріне қол жеткізу және пайдалануға беру.

ҚЕҚОҚ

2017 жылы акционерлердің талабы бойынша ҚЕҚОҚ және ҚҚ корпоративтік департаментімен жер үсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі корпоративтік рәсім жаңартылды. Наурыз айында «ПҚҚР» АҚ автомобиль жолдарын пайдаланатын компаниялар арасында өзара түсінушілік пен ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құмкөл мен ҚАМ кен орындарындағы жолдарда жылдамдық режимін сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын орындау бойынша рейдтер өткізілді.
Компания жұмыскерлеріне «САП: ҚЕҚОҚ бойынша оқиғаларды басқару модулі», «Қауіпсіздік бойынша тәртіптік аудиттерді жүргізу», «ҚЕҚОҚ бойынша басқару мақсаттары, міндеттері мен жоспарлары» және «ҚЕҚОҚ бойынша тәуекелдерді бағалау» тақырыптары бойынша ішкі оқыту өткізілді. Компания жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ басқару жүйесін білуіне қатысты интерактивті тестілеу өткізілді. ҚЕҚОҚ бойынша келесі ақпараттық материалдар жасалып, таратылған болатын: «Алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық», «Қауіпсіздік саласындағы тәртіптік бақылау ережелері мен әдістемесі», «Қауіпсіздік саласындағы тәртіптік бақылау парақтары», «ҚЕҚОҚ бойынша жеке жауапкершілік карточкалары», «Сауығуға бастайтын 10 қадам» брошюралары.
«ПетроҚазақстан» компаниясының барлық бизнес-бөлімшелерінде денсаулық сақтау, өнеркәсіптік санитария мен гигена бойынша дербес аудит өткізілген болатын. Құмкөл, Арысқұм мен Қызылқия кенорындарының өндірістік объектілері мен вахталық кенттеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынған болатын. Қызылорда қаласындағы кенорыннан пациенттердің медициналық эвакуациясын жүргізу үшін жаңа жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды. «Абайлаңыз, тұмау», «Темекі шегу ағзаға зиян келтіреді», «Травматизм», «Ішек инфекцияларының қауіптілігі», «Денсаулық кепілі», «Кененің шағуы» тақырыптарында дәрістер өткізілді.
2017 жылдың маусым айында, «ҚЕҚОҚ бойынша өз міндеттеріңді орындауда үздік атан!» деген ұранмен өткен ҚЕҚОҚ айлығы аясында келесі конкурстар өткізілген болатын: «2017 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша ҚЕҚОҚ және әлеуметтік-тұрмыстық шарттар бойынша ең үздік мердігерлік ұйым»; «Апаттық жағдайларға жақсы дайындалған ең үздік бөлімше»; «ҚЕҚОҚ бойынша ең үздік цех», ал өрттен қорғану күнінің қарсаңында «Өртті сөндіргеннен, оны алдын алу әлдеқайда оңай!» атты өрт қауіпсіздігі байқауы өтті. Әлеуетті қауіпті оқиғалар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер туралы алдын ала хабарлағаны үшін жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы аясында «ПетроҚазақстан» компаниясының 24 жұмыскері марапатқа ие болды.
2017 жылдың ақпан айында «ПҚОП» ЖШС-нде «АМАН» жобасының 3-кезеңінің іске асырылуы басталды. Бұл жобаның аясында зауыт жетекшілері мен жұмыскерлерін «Биіктікте орындалатын жұмыстар»; «Желілік басқарма – Қауіпсіздікті басқару жобаларын басқару мен оларды жүзеге асырудағы функциялары және жауапкершілігі»; «Үйретуді үйрен» тақырыптарындағы оқыту өткізіліп, сондай-ақ, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы мамандармен практикалық семинар өткізілді. 2017 жылдың желтоқсан айында зауыт жұмыскерлеріне «Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау үлгілі ұжым», «Шағын комитеттің ең белсенді қатысушылары» және «ҚТ және ЕҚ саласындағы ең үздік жұмыскерлер» номинацияларында бір жолғы ақшалай сыйақылар, естелік сыйлықтар мен мадақтау қағаздары берілді.
«ПҚОП» ЖШС-нде Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес, зауыт объектілері тексеріліп, зауыттың санитарлық-қорғау аймағында шекті рұқсат етілетін шығарылымдардың (ШРШ) және шекті рұқсат етілетін тастаудың (ШРТ) белгіленген нормативтерін сақтау бойынша қоршаған орта компоненттерінің күйіне және жер сапасына аспаптық өлшеу өткізіледі. Өткізілген өлшеулер нәтижесінде белгіленген нормативтерінен асатын көрсеткіштер анықталған жоқ. 2017 жылы қоршаған ортаға шығарлған эмиссиялар белгіленген нормативтер шегінде болды.


КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

«ПетроҚазақстан» компаниясы бұрынғыдай өз қызметін жүзеге асыратын барлық өңірлерде көп мақсатты демеушілік бағдарламаны іске асыруда. Компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларына белсенді түрде қатысады. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарына, жетім балаларға, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбек ерлеріне, Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне және мүгедектеріне қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларға, сондай-ақ, денсаулық сақтау, жаппай спорт, мәдениет пен өнер бойынша жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.

2011 жылдан бастап компания «Бауыржан» қоғамдық қорымен табысты ынтымақтастық жасап келе жатыр, бұл қор «Алтын Жүрек» атты мерейтойлық ұлттық сыйлықақыны ұйымдастырып, оны өткізген болатын. Жобаның мақсаты қайырымдылық қызметі қоғамдың дамуына баға жетпес әсерін тигізетін адамдар мен ұйымдарды анықтау және оларды марапаттау болып табылады. Осылайша, компания адамгершілігі мол адамдар мен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қоғам арасындағы диалог құруға арналған орынды жасай отырып, елдегі жебеушіліктің дамуы мен оны насихаттауға септігін тигізеді.

«ПетроҚазақстан» компаниясы ҚСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова құрған  «Халықаралық вокалистер конкурсының» тұрақты демеушісі болып табылады.
Ұзақ мерзімді негізде «ДОМ» ҚҚ-мен ынтымақтастық жасау жалғасуда; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл жұмыскерлеріне қолдау көрсету үшін жыл сайын қаражат бөлінуде.

2017 жылы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің өңдеуші бөлімшесі  дәстүрлі болған әлеуметтік жобаларға және қамқорлыққа алынған ұйымдарды қолдау үшін шамамен 75 миллион теңге бөлді. Солардың ішінде облыстағы спортты дамыту жобалары, Оңтүстік Қазақстан облысының мүмкіндіктері шектеулі балалар мен еңбек ардагерлерін оңалту жобалары да бар.

«ПҚОП» ЖШС-нде ШМӨЗ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жүргізіледі. Қаржылық көмек бағдарламасы бойынша жоғары білімді алу үшін жұмыскерлерге 35 шәкіртақы берілген болатын. «ПҚОП» ЖШС жұмыскерлерінің асырауындағы балаларға да стипендиялық бағдарлама бойынша 39 шәкіртақы берілген болатын.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өндіруші бөлімшесімен әлеуметтік жобаларға берілген қаражаты 45,0 млн. теңгені құрады. Сонымен бірге, Компания Мүгедек балаларды оңалту орталығына және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған бала бақшаны қолдау бойынша әлеуметтік жобалардың іске асырылуын жалғастыруда. 2017 жылы «ПҚҚР» АҚ компания қызметкерлерінің 1 080 баласы мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «Арай Санрайз» балалар лагеріндегі тегін демалысты ұйымдастырған болатын.

ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАРАПАТТАР

Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнайгаз саласындағы 20-жылдық ынтымақтастық жасауды тойлауға орай, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC) барлық бөлімшелердің көзге түскен қызметкерлерін «Мұнай және газ саласындағы Қазақ – Қытай ынтымақтастығының дамуына қосқан үлесі үшін» атты құрмет медальдарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

Компанияның аймақтардың дамуына қосқан үлесі мен «ПҚҚР» АҚ және «ПҚОП» ЖШС қызметкерлерінің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайын бағаланады. KAZENERGY қауымдастығы, Қызылорда облысының және Қызылорда қаласының әкімдіктері, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «ПҚҚР» компаниясының 50-ден астам жұмыскерін «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» және«Еңбек ардагері» медальдарымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.
Кәсіпорын жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ОҚО еңбек инспекциясы басқармасымен «28 сәуір – бүкіл әлемдік еңбек қорғау күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» конкурсында арнайы дипломмен және жүлдегер кубогымен марапатталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz