/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-на COVID-19-пен күресте көмегі үшін алғыс білдірді

Пандемия кезінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қаласының әкімдігіне қолдау көрсетіп, ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға және қаланың медициналық мекемелерінің басқа да қажеттіліктеріне 200 миллион теңге бөліп, сонымен қатар әкімдікке 4 000 медициналық маска мен 300 қорғау костюмін табыстады. Сондай-ақ, COVID-19 ауруымен күресуде алдыңғы шепте тұрған Шымкенттегі № 2 қалалық аурухананың провизорлық стационарына 10 000 медициналық маска мен 1 000 қорғау костюмін сатып алу арқылы гуманитарлық көмек көрсетілген болатын. Сонымен қатар, «ПҚОП» ЖШС-ның Жас мамандар кеңесі Шымкенттің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандарындағы 100 мұқтаж отбасыға қолдау көрсету мақсатында «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын өткізді. Қажетті өнімдерден тұратын азық-түлік себеттері дайындалып, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының жастары ішінен шыққан еріктілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, бұл азық-түлік себеттерін мұқтаж отбасыларға берді. Бұл акция «Біз біргеміз!» акциясын қолдау аясында өткізілген болатын. 

2020 жылдың 15 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков мырза Шымкент қаласы әкімінің атынан «ПҚОП» ЖШС басшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, COVID-19 кезеңінде көрсеткен көмегі үшін «ПҚОП» ЖШС Президенті Цзян Ши мырзаға және «ПҚОП» ЖШС бірінші вице-президенті А. Тұрысбеков мырзаға алғыс хаттар табыстады. 

 Сонымен қатар, өткен жылдың 30 желтоқсанында Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында «ПАРЫЗ 2020» республикалық байқауының қорытындылары бойынша марапаттау рәсімі өтті. Әкімнің орынбасары М. Исахов мырза Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов мырзаның атынан «ПҚОП» ЖШС еңбек қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Н.Досымбеков мырзаға компанияның үлесі және пандемия кезінде аймақты қолдаудағы белсенділігі үшін «Алғыс хат» табыс етті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz