/**/

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Парыз-2021» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Республикалық байқауының «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Парыз-2021» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Республикалық байқауының «Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты үшін «Парыз-2021» сыйлығы жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаумен қатар тиімді өндірістің өсуіне ықпал ететін кәсіпорындағы еңбек қатынастарының теңдестірілген жүйесінің жоғары бағасы болып табылады.

«ПҚОП» ЖШС бірнеше рет жоғары президенттік марапаттарға ие болды. Зауыттың экологиялық саясаты 2011 және 2016 жылдары «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алтын Парыз» сыйлығымен екі рет бағаланды.

Источник : https://t.me/kmgpress

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz