/**/

«ПетроҚазақстан» қызметкерлері Президент Жүлдесімен және ҚазЭнерджи медальдарымен марапатталды

Наурыз айының 12-cі күні «Риксос» қонақ үйінің Бал залында «ПетроҚазақстан» компаниясы өндірістік мақсаттарға жетуге едәуір үлесін қосқан  қызметкерлерін Президент Жүлдесімен және ҚазЭнерджи медальдарымен марапаттау рәсімі өтті.

2009жылдың нәтижесі бойынша «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы Қазақстандағы өндіру көлемі бойынша 4-ші орын алғаны өз кезегінде республиканың мұнай өнеркәсібіндегі ерекше жетістіктерінің бір көрінісі, және де «ПетроҚазақстан» компаниясының, дағдарыс кезеңінде, Қазақстан экономикасын қажетті деңгейде сақтауға қосқан үлесі деп есептеуімізге болады

Өзінің сәлемдесу сөзінде Вэй Юйсян мырза, «ПетроҚазақстан» компаниясяның президенті: «Қазақстан мұнай-газ қоғамдастығы «ПетроҚазақстан» жұмысшыларының мұнай-газ секторына қосқан үлесін жоғары бағалағанына және біздің 5 қызметкерімізді ҚазЭнерджи Ассоциациясының медальдарымен марапаттағанына  қуаныштымын.»

Мұнай-газ өнеркәсібінің жұмысшылары ҚазЭнерджи медальдарымен алғашқы рет марапатталып отыр. Марапаттау туралы шешім арнайы құралған Марапаттау Коммитетімен жасалды. Бұл коммитеттің құрамына үкіметтің, профильді министрліктердің, сондай-ақ, ірі компаниялардың басшылары және де ҚазЭнерджи ассоциациясының төрағасы Кулибаев Т. мырза да кірді. Марапаттау Коммитетінің, аса дәрежелігіне сәйкес отырыстарында мұнай-газ және энергетика комплексінің ең озат жұмысшыларының қызметтік жетістіктері қарастырылады.

Марапатталғандардың арасында зауыттың өзінде және кен орындарда жұмыс істейтін «ПетроҚазақстан» жұмысшылары да бар. «ПетроҚазақстан» ұжымы ҚазЭнерджи медальдарын иелнуге, Қазақстанның оңтүстігін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін МӨЗ-ның ең қысқа мерзімді жоспарланған ремонтын жасауда аса көзге түскен жұмысшылар және тәжірибелері мен ынталарының арқасында кен орындардағы қиын жағдайларға қарамастан өндірістік жоспарды орындаған жұмысшылар ұсынылған болатын.

Олар:

Цзян Ши, өндіріс бойынша Вице-Президент ЖШС ПҚОП

Аманали Ембердиев, ЕҚҚжЭ департаментінің Директоры, ЖШС ПҚОП

Әділбек Беклиев, Мұнай өндіру бойынша менеджер, АҚ ПҚҚР

Тлеуберген Шаутай, жапай құрылыс бөлімінің бастығы, АҚ ПҚҚР

Мұратбек Бадаев, аға инженер-энергетик, АҚ ПҚҚР

Сонымен қатар, жоғары біліктілігі және іске адалдығы үшін компанияның 63 жұмысшысы «ПетроҚазақстан» Президентінің Жүлдесімен марапатталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz