/**/

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРИЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРИЗ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


 Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мұнай өнеркәсібінің, қаржылық құрылымдардың бір топ өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін және басқаларды мерекеге арнайы шығарылған «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапаттады. Марапатталғандардың арасында  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ  компаниясының 20 қызметкерлері болды.

Қазақстанның алғашқы астанасы, көптеген маңызды тарихи оқиғалардың байырғы куәсі Қызылорда шаһары өзінің мерейтойын атап өтті. Қызылорда үшін екі жүз жылдық уақыт белесі – бұл көне Ақмешіт бекінісінің іргесі қаланған уақыттан бастап әсем де сәнді өзіндік сәулет нақышымен айшықталған биік ғимараттары, алуан түрлі спорт алаңқайлары, парктері мен саябақтары бой көтерген қазіргі заманғы облыс орталығы болып қалыптасқанға дейінгі аралықтағы жүріп өткен дәуір жолы десе болғандай.


Қала әкімі марапатталғандарды құттықтай келе, аймақтың біршама белгілі тұрғындарының қажырлы еңбектері мен Қызылорданың өркендеп-өсуіне олардың қосқан сүбелі үлестері әрдайым алғыс сезімін білдіруге лайықты болып табылатындығын айрықша атап көрсетті. 

«Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерейтойлық медалімен мына төмендегілер аталып өтілді: АБЫЛАЕВА АЙЫМХАН, жетекші инженер; АҒИМАНОВ ЖАЛҒАСБАЙ, кеңесші; ӘЖІБЕКОВ ҚУАНЫШ, Басқарма Төрағасының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары; ӘЛМҰХАНОВА СӘУЛЕ, аудармашы; БАЙТАСОВ ҒАНИ, бөлім бастығы; БЕРКЕНОВ СЕЙІЛБЕК, мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі департаменттің директоры; ДАМИНОВА СУФИЯ, Басқарма Төрағасының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары; ЕРМАХАНОВ ӨЗБЕКБАЙ, бас инженер; ЖӘЛІМБЕТОВА АЙГҮЛ, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы; ЖҰМАХМЕТОВ СЕРІК, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары; ЖҮСІПОВ КҮМІСБЕК, бөлім бастығы; КӘДЕЕВ ДӘУРЕН, Басқарма Төрағасының заң мәселелері жөніндегі орынбасары; ҚАЛЖАНОВ ТЫНЫМБАЙ, жүргізуші; ҚОНЫСБАЕВ ЖҰМАБЕК, Басқарма Төрағасының өндіру жөніндегі орынбасары; ОСПАНОВ БЕРІК, аға менеджер; СЕЙДАХМЕТОВ СӘРСЕМБЕК, топ жетекшісі; СЕРӘЛИЕВ АХМЕТУЛЛА, бас энергетик; СҰЛТАНГЕРЕЕВА АҚТОЛҚЫН, менеджер; ТАЙГУНОВ АНДРЕЙ, маман, ҮМБЕТАЕВ РҮСТЕМ, инженер-электрик.


ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ МАРАПАТТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz