/**/

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат.

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2020 ж.12.04. № 136/2 шешім

1. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2020 ж. 12.04 № 18/1 хаттама. 

2. Қоғамның 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кірісі мен өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Қоғамның бір жай акциясына 2019 жылға шаққандағы дивидендтің түпкілікті мөлшері 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде (Қоғамның акцияларына 2019 жылғы І және ІІ тоқсандарға дивидендттер төлемін қосқанда) бекітілсін.

4. Қоғамның акцияларына 2019 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша дивидендтер есептелініп, төленсін:

4.1.  Қоғамның 89 500 000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акцияcына 2019 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша бір жай акцияға шаққанда 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 8 950 000 000 (сегіз миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп төленсін;

4.2.  Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес Қоғамның 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акцияcына 2019 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша бір артықшылықты акцияға шаққанда 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 1 050 000 000 (бір миллиард елу миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелінсін;

4.3.  Қоғамның артықшылықты және жай акцияларына 2019 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша есептелген дивидендтерді төлеу 2020 жылдың 11 желтоқсанынан басталсын;

4.4.  Қоғамның дивидендтерді алуға құқылы акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 07 желтоқсандағы жағдай бойынша әзірленсін;

4.5.  дивидендтерді төлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кірісі мен өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін;

4.6.  Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдында 5 жұмыс күні ішінде (2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жариялансын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz