/**/

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат.

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

“ПҚҚР” АҚ директорлар кеңесі, 2021 жылғы 22 қаңтардағы №19/1 хаттамамен шешім қабылдады:

1) Хуан Сяньсюн мырзаның Қоғамның Президенті, Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2021 жылғы 24 қаңтардан бастап тоқтатылсын.

2) Ян Миньюй мырза 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап Президент, Қоғам Басқармасының мүшесі етіп сайлансын және оның өкілеттік мерзімі тұтас алғанда Басқарма өкілеттігінің мерзімі аяқталуымен бір мезгілде аяқталатыны айқындалсын;

3) Президент, Қоғам Басқармасының мүшесі Ян Миньюй мырзаның лауазымдық жалақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес онымен жасалған еңбек шартына сәйкес айқындалсын;

4) Қоғам Президенті Ян Миньюй мырзаға өзге компаниялар мен ұйымдарда лауазымдарды қоса атқаруға рұқсат етілсін.

5) Хуан Сяньсюн мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік және өзге мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитеттерінің құрамынан шығарылсын; Қоғамның президенті Ян Миньюй мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, әлеуметтік және өзге мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарастыратын Кеңес комитеттерінің мүшесі болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің Кеңес комитеттерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz