/**/

ПетроҚазақстан «Өмірімді өнерге арнадым» байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар үлестірді

«ПКОП» ЖШС демеушілік көмегімен ОҚО-да жетім балалар арасында «Өмірімді өнерге арнадым» деп аталатын Республикалық балалар байқауы өтті. Осы іс-шараны өткізу Еуразиялық тәжірибелік психология және психотерапия институтына жүктелген болатын. Осы байқау өткен Шанин атындағы музыкалық-драма театрының залына Қазақстанның барлық балалар үйінен келген жетім балалар жиналды. Байқауға келгендердің барлығы балалардың шығармашылық жұмыстарын көріп, өздерінің бағасын берді. ҚР Білім министрлігінің балаларды қорғау жөніндегі комитетінің және қоғам өкілдері мен ұстаздардан тұратын қазылар алқасы балалардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, жеңімпаздарды анықтады. Балалардың осы байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып келгендері бізді қатты қуантты. Олардың жақсы дайындалып келгендері көркем дайындалған жұмыстарынан көрініп тұр. Байқаудың барлық номинациялары бойынша жеңімпаз деп танылған балаларға компьютерлер, DVD, фотоаппараттар және басқа да бағалы сыйлықтар берілді. Сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ.. «ПКОП» ЖШС коммерция жөніндегі Вице-президенті А.Н. Акишев мырза байқаудың әр номинациясы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріп жатқан кезде, залға жиналған барлық көрермен балалар оны ду қол шапалақпен қуана қарсы алып отырды. Байқауға қатысушы, ОҚО №4 Сайрамдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Қазақстанның басқа облыстарынан келген өз қатарлары алдында ПетроҚазақстан компаниясы №4 балалар үйіне әрдайым көмектесіп тұратынын және “өмірді қозғалыспен көркемдеп” жұмыс істеу керектігін мақтанышпен айтты.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz