/**/

“ПетроҚазақстан” 16-шы Қазақстандық халықаралық KIOGE’2008 мұнай-газ көрмесі мен конференциясына қатысты

Қазан айында өткен 16-шы Қазақстандық халықаралық KIOGE’2008 мұнай-газ көрмесі мен конференциясында «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің екі акционері арқылы – ҚҰМК (CNPC) және “ҚазМұнайГаз” ҰК стендтерінде көрсетілді. Компанияның атынан жаңа президент Ван Чжунцай мырза басқарған топ-менеджерлер өкілдік етті. «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметіне деген назар жыл сайын артып келеді, осы жолы да халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері компанияның даму келешегі, жаңа технологиялары, экологиялық және әлеуметтік жобалары туралы ақпарат алғысы келді. «ПетроҚазақстанның» аға Вице-Президенті Вэй Юйсян бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне компанияның мұнай өндіретін бөлімшесінің өндірістік көрсеткіштері туралы, ілеспе газды пайдаға жарату жобасы туралы айтып берді. Мұнай өңдеу саласының даму келешегі, сондай-ақ ПҚОП компаниясының жоспарлары туралы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының коммерция жөніндегі Вице-президенті Азамат Ақышев әңгімеледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz