«ПКОП»ЖШС/ТОО «ПКОП»/«PKOP” LLP:
📌2025 жылғы 24 ақпанда сағат 11-00-де «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да 2025-2034 жылдарға арналған кешенді экологиялық рұқсат алу үшін Экология кодексінде қарастырылған, келесі жобалық құжаттар бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізілді:
- Технологиялық нормативтерді негіздеу және эмиссиялар нормативтерінің (РЕШН, РЕТН) жобалары;
- Қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
- Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
- «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС үшін экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы.
Қоғамдық тыңдауға Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің, «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері, сондай-ақ жобалау ұйымы – «ECO GUARD» ЖШС-ның және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өкілдері және Қарабастау, Шымтау, Қаратөбе, Бадам-2, Жұлдыз елді мекендерінің тұрғындары мен ауыл билері қатысты.



