/**/

«ПКОП» ЖШС-де зауытта жұмыс істейтін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді.

«ПКОП» ЖШС-де зауытта жұмыс істейтін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді.


15 ақпанда атап өтілетін Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылған күніне орай «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де (бұдан әрі – ПКОП ЖШС) салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға кәсіпорында жұмыс істейтін, бұрын ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер қатысты.

Биыл, ауған соғысының 14 ардагері дәстүр бойынша Абай атындағы қалалық саябақтағы Даңқ ескерткішінің алдында кездесіп, 1979-1989 жылдары Ауғанстанда соғысқа қатысқан солдаттарды еске алып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Одан кейін соғыста қаза болған жолдастарының ата-аналарына барып қайтты.


«ПКОП» ЖШС ардагерлер үшін ұйымдастырған іс-шараға Шымкент МӨЗ басшылығы, Оңтүстік Қазақстан облысының Ауғанстандағы соғыс және жергілікті соғыстардың ардагерлері одағының төрағалары мен мүшелері, соғысқа бірге қатысқан жауынгерлер, зауыттың жас жұмыскерлері, жолдастары, соғыста алған жарақатынан кейін бейбіт өмірде денсаулығының жағдайы бойынша өмірден өткен, зауытта жұмыс істеген соғыс ардагерлерінің жесірлері қатысты.


Осы күні зауыт әкімшілігі интернационалист-жауынгерлер үшін әскери-патриоттық әндер айтылатын концерттік бағдарлама мен мерекелік түскі ас ұйымдастырып берді.


«ПКОП» ЖШС-де қолданыстағы Ұжымдық шартқа сәйкес зауытта жұмыс істейтін барлық интернационалист-жауынгерлерге зауыт басшылығы жыл сайын шипажайларға тегін жолдама бөлетінін, мерекелер мен Ауғанстаннан әскердің шығарылған күніне орай сыйақы беретінін айта кету керек.


Барлықтарыңызға зор денсаулық және бейбіт өмір тілейміз!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz