/**/

ПҚОП компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысының «Алтын Көшбасшысы» деп танылды


Халықтың дауыс беруінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы «Алтын көшбасшылар» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы – 2009» аймақтық конкурсы аяқталды.

Конкурстың құрылтайшысы – Мәлика Ергешқызы, ол мамандығы бойынша қоюшы-режиссер. «Жыл таңдауы» конкурсы алғаш 2007 жылы Тараз қаласында өткізілген болатын. Үстіміздегі жылдың басынан бері конкурс  Шымкент қаласында да, Қызылорда қаласында да өткізілуде. Конкурстың шеңберінде тұрғындардың арасында сауалдама жүргізіліп, бірнеше санат бойынша номинанттар анықталды. Облыстық Әкімдіктің, Өнеркәсіп, Білім және Денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері жүргізген сауалдаманың нәтижелері бойынша «Жыл таңдауы» конкурсының «Алтын көшбасшылар», «Күміс көшбасшылар» және «Қола көшбасшылар» номинациялары бойынша жеңімпаздар айқындалды.

Шымкентте тәуелсіз конкурстың жеңімпаздарын құрметті дипломмен марапаттаудың салтанатты рәсімі 2009 жылғы 25 шілдеде Шанин атындағы Облыстық драма театрында болып өтті. Салтанатты рәсімге өндірістің, бизнестің, білім беру, мәдениет, спорт салаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қызмет көрсету саласының өкілдері қатысты. «Алтын көшбасшылар» құрметті марапаттарын облыстың еңбегі сіңген жерлестері алды: спортты дамытуға қосқан үлесі үшін – белгілі гимнаст Әлия Юсупова; «Клара Сапар» кешенінің тұрғындарға ең үздік қызмет көрсеткені үшін – ОҚО-ның ірі бизнесмені Қайрат Сапарбаев; М. Сапарбаев атындағы жекеменшік институттың білім беру бойынша көрсеткен қызметтері үшін – институттың ректоры Г. Сапарбаева, «Отырар» телеарнасының ең үздік ойын-сауық қызметтері үшін – президент В. К. Куликова, алдыңғы қатарлы кәсіпорынның жоғары кәсіпқойлығы және жұмысының танылғаны үшін ­– «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС!

Тәуелсіз конкурстың осы марапатының тапсырылуы халықтың танығанының және біздің кәсіпорынның өз саласындағы көшбасшы екенінің белгісі болып табылады

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz