/**/

ПҚОП отандық өндірушілерді қолдауы

15 сәуірде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС конференция залында және №2 ЗБ жаздық алаңшасында Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментімен отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған қазақстан өндірушілерінің тауарлары мен өнімдерінің тұсаукесері және көрмесі болып өтті. « ALLIES INDUSTRIAL» ЖШС, «ЮТЕКС» ЖШС, «СНАБ ДИ» Қазақстан ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС, «NGS+ Сауда үйі» ЖШС, «Saytex» ЖШС, «Томирис и К» ЖШС, «UniRoba» ЖШС TDK group,  «Sabtex» ЖШС зауыттықтардың назарына әртүрлі арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғану құралдарын ұсынды, слайдтар, бейне
 роликтер көрсетті, кәсіпорындардың және өндірілетін өнімдердің техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.
   Әрбір зауыттық тұсаукесерге және көрмеге қатысқан отандық өндірушілердің өнімдері мен тауарлары туралы пікірлерін және ұсыныстарын арнайы кітапқа


қалдыра алды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаменті Шымкент мұнай өңдеу зауытына сатып алу мақсатында зауыт қызметкерлерінің жазған пікірлерін талдау негізінде ең үздік қазақстандық тауарлар мен өнімдер өндірушілерінің тендеріне қатысуы үшін ұсынымдарды дайындайды. Сонымен, ПКОП пайдаланушы қызметкерлері қазақстан өндірушілері ұсынған барлық өнімдер мен тауарлардан өздерінің таңдауын жасайды.
    «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»  ЖШС мердігерлік ұйымдары «Нефтереммаш» ЖШС, «РМУ» ЖШС, «ЭРНУ» ЖШС, «АПР» ЖШС, «ЭЛМО» АҚ ШФ,  «Нефтестроймонтаж» ЖШС, «ЭЛКОН» ЖШС, «КЭММ -2030» ЖШС,
«Мастер Строй» ЖШС, «ЗСМК» ЖШС, «КМСК» ЖШС, «Техноконструкция» ЖШС, «Строймонтажинжинеринг» ЖШС да осы іс-шараға шақырылды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz