/**/

ПҚОСИ және ПҚСҮ компаниялары Moody International LLP компаниясында сертификаттаудан табысты өтті

Халықаралық стандарттарға сәйкестік жөнінен сертификаттау және Қауіпсіздікті, еңбекті  және қоршаған ортаны қорғау жүйесін
(ДЕҚОҚ БЖ) ендіру

Ірі корпорациялардың қоршаған ортаға, адамдарға және қоғамға келтіретін әсері халықаралық маңызы бар мәселе болып табылады. Халықаралық қоғам өнеркәсіптік дамудың кері әсерін шектеуге және болдырмауға ұмтылады. Бұл орайда  халықаралық стандарттар сериясы соңғы жылдары осының пәрменді тәсілдерінің біріне айналды. Ірі компаниялардың осы стандарттарды ұстану туралы ерікті шешім қабылдауы ішкі экологиялық және әлеуметтік саясаттардың табысты арттыруға және бәсекелестікті жақсартуға ықпалдасатынын мойындау болып табылады. Сонымен қатар қоғамның билігіне компаниялардың қызметін бақылаудың жаңа құралы тиеді.

 
Мұнай мен газ кен орындарының қарқынды игерілуі және өнеркәсіптің басқа салаларының қызметі, жаңа технологиялардың әзірленуі мен ендірілуі және қызметтің кеңейтілуі себебінен халықаралық стандарттардың ендірілуі өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында технологияларға, өнімдерге, адам қызметінің түрлі қырларына қойылатын талаптарды бірыңғайландыруға бағытталған. Экономикалық өсу сан жағынан да, сапа жағынан да өлшенеді, сондықтан жаңарту бойынша кез келген бағдарламалар өмір сүру жағдайларын жақсартуға құйылған инвестиция ретінде қарастырылады.

 
«ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің күнделікті қызметінде қоршаған ортаны, денсаулықты қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылады. Осыған байланысты компания жоспарланған нәтижелерге жету және үздіксіз жетілу мақсатында алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені ескере отырып саясаттар, рәсімдер әзірледі және белгілі бір міндеттемелер қабылдады.
 

2009 жылғы желтоқсанда ПҚОСИ және ПҚСҮ компаниялары Moody International LLP компаниясында ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарына сәйкестік жөнінен сертификаттаудан табысты өтті. Сертификациялық аудит қоршаған ортаны, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама мен нормативтік кесімдердің талаптарын ескере отырып компанияның саясатының іске асырылуын, оның мақсаттары мен бизнес-үдерістерін талдауды қамтиды. 2009 жылдың соңында ПҚОП сондай-ақ OHSAS18001:2007 халықаралық стандартына сәйкестік жағынан сертификатталды. Қазіргі кезде ПетроҚазақстанның мұнай өндіру бөлімшесі стандарттарды ендіру үдерісін бастау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.

ПетроҚазақстан компаниясының ДЕҚОҚ басқару жүйесі қызметкерлердің, клиенттердің, мердігерлердің, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және энергия мен ресурстарды үнемді тұтыну бойынша қызметті басқаруға шоғырланған. ДЕҚОҚ басқару жүйесін әзірлеу мен ендіру еңбек гигиенасы, қауіпсіздік және табиғат қорғау қызметінің мәселелері бойынша одан әрі белсенді жұмыс жүргізуге ықпалдасады, бұл мәселелер табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, төтенше жағдайлардың алдын алуды және оларға қатысты шұғыл әрекет етуді қамтиды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz