/**/

«ПҚҚРда» мини-футболдан бесінші рет дәстүрлі турнир өтті

2014 жылғы 19 сәуір күні «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде «ПҚҚР» АҚ бөлімшелерінің арасында мини-футболдан бесінші рет жыл сайынғы дәстүрлі турнир болып өтті. Футбол залында 7 күшті команда жолығысты: МРБ, Бас офис, МГӨЦ-1, МГӨЦ-2 («А» тобы), ҚАМ, Жобалау тобы, ГПЖЦ-МДАЦ («Б» тобы).

Іріктеу ойындарының қорытындылары бойынша жартылай финалға  МРБ, МГӨЦ-1, ГПЖЦ-МДАЦ және ҚАМ командалары шықты. Жартылай финалдық ойындарда алаңға жеңіске бірден-бір үміткерлер саналатын МРБ командасы мен ГПЖЦ-МДАЦ құрама командалары шықты. Бірінші орын үшін өткен ойын шиеленісті болды. Екі жақтың да командалары жарысқа тамаша дайындықпен келген екен және жеңіске деген рух құлшыныстары да алма-кезек тең түсіп жатты. Ойын 3:3 есебімен аяқталды. Финалдың тағдыры матчтан кейін соғылған пенальтилер топтамасында шешілді. Сонымен  сәттілік қуанышы ГПЖЦ-МДАЦ командасына бұйырды.

Бағалы жүлделерді жеңімпаздарға «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Вице-президенті, Қызылорда облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев табыс етті. «Осы болып өткен турнир біздің компанияда қабілеті жан-жақты толысқан қызметкерлердің жұмыс істейтіндігін айқын көрсетті, олар өздерін тек жұмыста ғана емес, сонымен бірге спортта да жақсы қырынан танытып отыр», – деп атап өтті Б. Көшербаев.

Турнирдің жеңімпаздары және номинанттары дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz