/**/

“ПҚҚР” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

2018 жылғы 18 сәуірдегі № 110/8 шешім.

  
1. Қоғамның уәкілетті өкілінің «ПетроҚазақстан Транспортейшн Сервисез» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының (бұдан әрі – «Жиналыс») құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қоғамның атынан шешім қабылдауға тиіс болуына негіз болатын шешімдер бекітілсін:


1.1. Серіктестікті «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН 030140002153) қосу шарты осы Шешімнің 1-қосымшасына сәйкес келетін редакцияда бекітілсін.


1.2. Серіктестікке «ПетроҚазақстан» Cауда үйі»: ауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН 030140002153) мүліктік құқықтары мен міндеттерінің ауысуы туралы тапсыру актісі осы Шешімнің 2-қосымшасына сәйкес келетін редакцияда бекітілсін.


1.3. Серіктестіктің жарғылық капиталының ұлғаюына байланысты  Серіктестіктің Жарғысына енгізілген өзгерістер осы Шешімнің 3-қосымшасына сәйкес келетін редакцияда бекітілсін.


1.4. Серіктестіктің президенті Утежанов Н.К. мырзаға, немесе ол уәкілетті еткен тұлғаға қосу шартына, тапсыру актісіне және Серіктестіктің Жарғысына  енгізілген өзгерістерге қол қоюға, Серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы органды Серіктестіктің Жарғысына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуге, осы шешімді орындау үшін қажетті барлық әрекеттерді жасауға және барлық қажетті құжаттарды беруге уәкілеттік берілсін.


2. Цинь Хунвэй мырзаға осы қабылданған шешімге сәйкес Жиналыстың шешіміне қол қоюға уәкілеттік берілсін.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz