/**/

«ПҚҚР» АҚ: БОЛАШАҚ ГЕОЛОГТАР ДАЯРЛАЙМЫЗ

Жас геологтар Олимпиадасы
«ПҚҚР» АҚ: БОЛАШАҚ ГЕОЛОГТАР ДАЯРЛАЙМЫЗ

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның офисінде жас геологтардың IV Қазақстандық далалық Олипиадасында облысымыздың намысын қорғаған жас геологтармен компания басшылығының кездесуі болып өтті.
Жас геологтардың жарыстары Ақмола облысының Қатаркөл поселкесіндегі Щучье-Бурабай курортты аймағының аумағында орналасқан балалардың «Звездный» сауықтыру орталығында болып өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушылары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы қолдау білдірген «Жас геолог» Корпоративтік қоры.
Жарыстарға Қазақстаннан, Ресейден және Қырғызстаннан келген 21 команданың орта мектептер мен колледждерде оқитын шәкірттер қатысты. Біздің еліміздің атынан Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Өскемен, Петропавл және Қызылордадан келген ұжымдар қатысты. 
Облысымыздың намысын «Адамас» командасының жас геологтары қорғады. Жас қызылордалықтардың далалық олимпиадаға қатысуы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болды. Компания киім-кешекке, көлік қызметіне, қолданбалы геологиялық материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды және басқаларды өз мойнына алды. 

– Геолог мамандығы – сан алуан пайдалы қазбаларға және түсті металдардың бай кеніштеріне ие Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі, – деп өтті «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвэй. Аталған олимпиада болашақта геолог мамандығын таңдауға және жер қойнауын барлаушылардың алғашқы ізашарлары болуларыңызға көмектеседі. Бұл Қызылорда командасының осындай жарыстарға қатысуының алғашқы тәжірибесі. Келешекте нәтижелер бұдан да тәуір болады деп үміттенемін. Сол сияқты өз табысы арқылы команда бүкіл облыс абыройын өзгелерге паш етті, өйткені ол Олимпиадада компанияның атынан емес, күллі аймақтың атынан сынға түсті. 
– Команда құрамына дарынды балаларға арналған №9 қазақ-түрік лицей-интернатының, Қалтай Мұхамежанов атындағы №1 мектеп-гимназияның  және №2 «Мұрагер» мектебінің  8 жоғары сынып оқушылары кірді, – деп әңгімелейді делегация басшыларының бірі, «ПҚҚР» АҚ-ның геофизигі Еркін Үмбетқұлов. – Олар сәуір айында өткізілген тестілеуден кейін іріктеліп алынды. Содан кейін олимпиадаға дайындық басталды – оларды теорияға оқытып-үйретті, кеніштерде практикадан өткізді. Командаға алмас мағынасын білдіретін «Адамас» атауын берген. 
«Адамас» басшыларының бірі, «ПҚҚР» АҚ-ның геологы Бөгенбай Ержанов жеткіншектерге көрсеткен қолдауы үшін «ПҚҚР» АҚ-ның басқарма төрағасы Цинь Хунвэйге алғыс айтып, оған  ҚР Минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы  Базарбай  Нұрабаевтың алғыс хатын табыс етті.

– «ПетроКазақстан» компаниясы, сонымен қатар, қызылордалық жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, мектеп оқушыларының геология ғылымдарын оқып-үйренуге қызығушылығын арттыру бойынша жұмыс атқарып келеді, – дейді Бөгенбай Ержанов.  – Жас геологтардың далалық олимпиадасы шәкірттерге өз білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға, өздерінің барлық теориялық мүмкіндіктерін палеонтология, петрография, минералогия, гидрогеология, пайдалы қазбалардың геологиясы салалары бойынша жинақтаған теориялық білімдерін пайдалануға тамаша мүмкіндік берді. Жарыстардың қорытындылары бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Өскеменнен келген – «Рудный Алтай», екінші орынды – «Ақпан» (Ақтөбе), үшінші орынды «Атырау» командалары жеңіп алды. Ал қызылордалық «Адамас» өзінің алғашқы маусымында бесінші орынға көтерілді! Мамандардың ешбірі де Сыр жерінің жас геологтарының мұндай табысты өнер көрсетуін күткен жоқ еді. Біздің команданың тізіміне Диас Исламбаев, Санжар Қайымов, Жәнібек Айғұлиев, Әли Тілек, Азамат Мұқтар, Арман Пірманов, Әзімхан Шаншархан және Нұрымжан Сапар кірді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz