/**/

«ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетінің 30 жылдығы

30 ЖЫЛ! «ПҚҚР» АҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ 

МЕРЕЙТОЙДЫ АТАП ӨТУДЕ 

Биылғы жыл «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кәсіподақ ұйымы үшін 30 жылдық мерейтой белгісімен өтуде. Бұл айтулы күнге көптеген іс-шаралар арналып отыр, олар:  экскурсиялар, турнирлер, конкурстар, акциялар және т. с. с. 

Осы аталған салтанаттың басты оқиғасы ұжым өткізген мерейтойлық жиналыс болды, ол 11 қазан күні Бас офисте болып өтті. Оған өмірі мен қызметі кәсіподақ жұмысымен тығыз байланыста болған әр алуан ұрпақ өкілдері жиналды. 

Салтанатты жиынның қатысушыларын алғашқы болып күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Болат Елеуұлы Көшербаев былайша құттықтады: – «Осы жылдар ішінде кәсіподақ комитеті компания жұмыскерлерінің құқықтары мен мүдделерінің сенімді қорғаны болды. Кәсіподақ комитетінің бүгінге жалғасқан бүкіл тарихы – бұл жұмыскерлер ұрпақтарының көптеген ұрпақтары атқарған, компания басшылығы мен еңбек ұжымының жүйелі түрде қалыптасқан өзара іс-қимылының нәтижесі деген сөз. Компания басшылығының атынан кәсіподақ ардагерлеріне алғыс лебізін білдіремін. Сіздерді Қазақстан кәсіподақтары Күнімен және 30 жылдық мерейтоймен құттықтаймын, кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғау қызметінде жемісті еңбек етіп, кәсіподақ мүшелерінің саны арта берсін дегім келеді, кәсіподақтың барлық мүшелеріне  – мықты денсаулық, табысты жұмыс және отбасыларына ырыс-береке тілеймін!».

Өз кезегінде құттықтауға толы жылы лебіздерді сондай-ақ іс-шараға арнайы шақырылған қадірлі меймандар — «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Төрағасы Серік Сермағамбетов, «Қазмұнайгазкәсіподақ» Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Алтынхан Ысқақова арнады.

Өзінің құттықтау лебізін білдіре келе «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев іс-шараға қатысушыларды Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойымен және Қазақстан кәсіподақтары күнімен құттықтап, компания басшылығына әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін компания басшылығының атына алғыс айтты. Құттықтау лебізінің соңында ол компанияның басшылығына арнайы алғыс хат табыс етті. Сол сияқты кәсіподақ қозғалысының өркендеуіне қосқан айрықша үлесі, мұнай саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында атқарып келе жатқан жемісті жұмысы үшін кәсіподақ комитетінің басшысы Бақыт Мұқашева алғыс хатпен атап өтілді. 

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева жылы лебізді құттықтаулары үшін қонақтарға өз ризашылығын жеткізді. Өз сөзінде ол бүгінгі қоғамдағы кәсіподақтың атқарып келе жатқан роліне кеңінен тоқталды. «Осыдан тура 30 жыл бұрын 1989 жылы шілде айында «Құмкөлмұнай» МГӨБ-те алғашқы кәсіподақ конференциясы өткізіліп, біріккен кәсіподақ ұйымы құрылды. – деді Бақыт Мұқашева. – Осы өткен жылдар аралығында кәсіподақ қиындығы мен қызығы мол даңқты жолды басып өтті. Кәсіподақ ұйымымыздың барлық мүшелерін бүгінгі мерейтоймен қызу құттықтаймын! Біздің алдымызда компанияның өсіп-өркендеуіне бағытталған жалпы мәселелерді шешу міндеті тұр.».

Одан әрі салтанатты рәсім компанияның кәсіподақ қызметіне сүбелі үлес қосқан ардагерлерді қошеметтеп, құрмет көрсету шарасына ұласты. «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев салтанатты жағдайда «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы осы лауазымда 15 жылдан астам жемісті қызмет атқарған Елеусін Дүйсеновке ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін тапсырды.     

«ПетроҚазақстанның еңбек ардагері» медальдарымен және естелік сыйлықтармен Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жиынтықтау басқармасы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы Қатарбаев Марат, Автомобиль жолдары басқармасы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрайымы Бижанова Жанна, Бас офистің кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы Бекназаров Жарылқасын, МҰНАЙ САУДА сауда үйінің бұрынғы төрағасы Әміров Мақсұт, Автомобиль жолдары басқармасы бөлімшесінің бұрынғы төрайымы Мәлібекова Ирина аталып өтілді.

Кәсіподақ комитетінің мақтанышы – бұл, қашанда, оның белсенділері, цехкомдар болып қала береді. Және де осы салтанатты жиналыс олардың атқарған белсенді іс-қызметіне айтар алғыстың тамаша мүмкіндігі десе де болғандай еді. 40-тан астам мүшенің кәсіподақ саласы бойынша сіңірген еңбектері әр алуан марапаттармен лайықты түрде аталып өтті.

ҚР Кәсіподағы Күні мерекесіне орай «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің атынан кәсіподақ комитетінің төмендегідей мүшелері мынадай марапаттармен марапатталды: 

«Қазақстан мұнайының 120 жылдығы» мерейтойлық медалімен:

  1. Қатарбаев Мұрат Мырзабайұлы, 1-ші санаттағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер;
  2. Мұхамеджанов Олег Кәрімұлы, сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 5-ші  разрядты операторы;
  3. Нұрмағанбетов Ұлықбек Қабланбекұлы, – топ  жетекшісі;
  4. Әденов Құрышбек Бақытжанұлы, мұнай және газ өндіру жөніндегі 4-ші разрядты оператор;
  5. Жәмішев Шыңғысхан Жәмішұлы, сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-ші  разрядты операторы;
  6. Сағнадинов Асылбек, ағаш ұстасы;
  7. Эрмаханов Парахат, ұңғымаларды жөндеу жөніндегі бригада шебері.

«Қазмұнайгазкәсіподағының» «Салалық  кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалімен:

  1. Рүстембеков Қайрат Қуанышбекұлы, сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 5-ші  разрядты операторы; 
  2. Есжанов Ғабит Кеңесұлы, мұнай және газ өндіру жөніндегі бастық;
  3. Сарышова Бақыт Сейітжанқызы, жалақы есептеу жөніндегі топтың жетекшісі.

«Қазмұнайгазкәсіподағының» Құрмет грамотасымен:

  1. Қосуақов Алмасбек Қуандықұлы, 5-ші разрядты жүкті іліп-түсіруші;
  2. Махамбетов Талапбек, материалдарды бақылау жөніндегі маман;   
  3. Әбдіқалықов Кеңес Әбжәлиұлы, құрылысты қадағалау жөніндегі жетекші инженер; 
  4. Әбдалиев Ибрахим-Халила, сапаны бақылайтын жетекші инженер;
  5. Атаниязов Әбдіхалық, суды алдын ала қашыртқылау қондырғысының шебері;
  6. Ақбаева Гүлжас Мәлікаждарқызы, технолог; 
  7. Басалхаев Шыңғыс Сейтенұлы, топ жетекшісі;
  8. Насыров Білімжан Ахметұлы, жетекші геолог;
  9. Жүсіпов Болатбек Серікбайұлы, әкімші;
  10. Оразов Нұрлан Болатұлы, «TuzkolMunaiGaz» ЖШС-нің кеніштерді пайдалану жөніндегі шебері.

«Қазмұнайгазкәсіподағының» Алғыс хатымен:

  1. Қожанова Эльмира Өтегенқызы, аға кассир;
  2. Темірбаев Марат Әбдіжәмиұлы, жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер;
  3. Әшімов Бағдат Бермағанбетұлы, өрт сөндіруші;
  4. Мұсаев Марат, қарауыл бастығы;
  5. Айтбаев Рүстем Мәлікұлы, жолдарды ұстау жөніндегі инженер;
  6. Отарбаев Мұрат Мырзабайұлы, компрессор қондырғыларының 6-шы разрядты машинисі;
  7. Рысбек Сапарбай Жүзбайұлы, іштен жану қозғалтқыштарының 6-шы разрядты машинисі;
  8. Сариев Жаңабай Жұмағалиұлы, 4-ші разрядты слесарь – жөндеуші;
  9. Нұрымбетов Еркін Өмірзақұлы, газ-турбиналық қондырғылардың 5-ші разрядты машинисі;
  10. Сәтбаев Нұрлан Маратұлы, «TuzkolMunaiGaz» ЖШС-нің мұнай және газ өндіру жөніндегі 4-ші разрядты операторы.

Қызылорда кәсіподақтары бірлестігінің Құрмет грамотасымен:

  1. Құттыбаева Баян Қожабекқызы, бөлім бастығы;
  2. Мырзаханов Досымжан Ақмырзаұлы, механик;
  3. Бекенов Самат Алмасұлы, мұнай дайындау және айдау цехының шебері; 
  4. Омартаев Ғабит Әмитұлы, жетекші инженер;
  5. Ахметов Қайырбек Үмбетқалиұлы, ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі  3-ші  разрядты  оператор;
  6. Қосмұратов Гүлжан Темірбайқызы, 4-ші разрядты химиялық талдау зертханашысы;
  7. Есбосынов Бағдат Асанханұлы, техникалық аудармашы.

«Қазмұнайгазкәсіподағы» облыстық филиалының Алғыс Хатымен:

  1. Бәйімбетова Салтанат Кеңесқызы, 3-ші разрядты химиялық талдау зертханашысы;
  2. Жұмабекұлы Нұрлан, 3-ші разрядты химиялық талдау зертханашысы;
  3. Елімбетова Әсел Асхатқызы, диспетчер;
  4. Қоңқабаев Жұмағали Шадайұлы, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру жөніндегі жұмысшы;
  5. Сағатұлы Мақсат, мұнай және газ өндіру жөніндегі 5-ші разрядты оператор.

Салтанатты іс-шара фотосессиямен аяқталды.

Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz