/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2018 жылғы 02 сәуірдегі № 110/1 шешім.  


1. Қоғамның уәкілетті өкіліне «ПетроҚазақстан Файнанс Б.В.» (ПҚФ БВ) компаниясы акционерлерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында («Жиналыс») дауыс беруге негіз болатын шешімдер бекітілсін:
1.1. ПҚФ Б.В. басшылығы мен ПҚФ Б.В. таратушысы айрықша мән-жайларға байланысты 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын қаржы жылындағы жылдық есепті дайындай және тапсыра алмағандықтан, оны акционердің ПҚФ Б.В. офистерінде Нидерландылардың Азаматтық кодексінің 2-кітабының 210-бөлімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеруі үшін аталған мерзім ПҚФ Б.В. акционерлерінің жыл сайынғы жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін ұзартылсын;
1.2. 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын қаржы жылындағы баланс, пайда мен шығындар туралы есеп және оған берілген ескертпелер (№1 қосымша) бекітілсін;
1.3. Жыл ішіндегі нәтижені алдағы кезеңге ауыстыру туралы шешім қабылдансын;
1.4. Басқарушы директорлар кеңесі және жеке-жеке әрбір басқарушы директор, сондай-ақ таратушы 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын қаржы жылынан кейін ПҚФ Б.В. істерін жүргізу жауапкершілігінен босатылсын.
2. И. де Люсия және/немесе Л.П.А. Рольфс және/немесе Л.Ж.М. Дуйжсенс және/немесе Ю. Ортола Мартинез мырзаларға алдағы уақытта бетпе-бет немесе сырттай нысанда өтетін жиналыста Қоғамның атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілсін және оларға осы қабылданған шешімге сәйкес аталған жиналыста дауыс беру тапсырылсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz