/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат.

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2019 ж. 09 сәуірдегі № 120/2 шешім

1. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі назарға алынсын, 2019 ж. 08 сәуірдегі № 19/1 хаттама. 

2. Қоғамның 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы аудиттелген қаржылық есептілігі осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін және Заңның 76.4-бабының талабына сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жариялансын.

3. Қоғамның өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын және 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кірісін бөлу тәртібі осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4. Қоғамның бір жай акциясына 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға шаққандағы дивидендтің түпкілікті мөлшері 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде, соның ішінде бұрын төленген дивиденд 180 (бір жүз сексен) теңге мөлшерінде бекітілсін. 

5. Қоғамның акцияларына 2018 жылғы екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша дивидендтер есептелініп, төленсін:

5.1. Қоғамның 89 500 000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акцияcына 2018 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бір жай акцияға шаққанда 320 (үш жүз жиырма) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 28 640 000 000,00 (жиырма сегіз миллиард алты жүз қырық миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп төленсін;

5.2. Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес Қоғамның 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акцияcына 2018 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бір жай акцияға шаққанда 320 (үш жүз жиырма) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 3 360 000 000 (үш миллиард үш жүз алпыс миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелінсін;

5.3. Қоғамның артықшылықты және жай акцияларына 2018 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептелген дивидендтерді төлеу 2019 жылдың 25 сәуірінен басталсын;

5.4. Қоғамның дивидендтерді алуға құқылы акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша әзірленсін;

5.5. дивидендтерді төлеу Қоғамның таза кірісі және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін;

5.6. акционердің өзекті реквизиттері туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда, Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу акционердің Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтер енгізгенін растайтын құжатпен Қоғамға жүгінген сәтінен бастап 90 (тоқсан) күн ішінде жүзеге асырылсын;

5.7. Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдында 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіпте қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жариялансын.

6. Қоғам акционерлерінің Қоғамның және лауазымды тұлғаларының 2018 жылғы әрекеттеріне арыздарының жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.

7. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2018 жылға сыйақылар төленбесін.

8. Қоғамның 3 адамнан құралған санақ комиссиясы Қоғам акционерлерінің келесі жылдық жалпы жиналысында санақ комиссиясы сайланғанға дейін 1 (бір) жылға өкілеттік мерзімімен мына құрамда сайлансын:

1) Лигай Владимир Юрьевич мырза; 

2) Распопина Ирина Викторовна ханым;

3) Чернова Наталья Николаевна ханым.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz