/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2017 ж. 04 шілдедегі № 103/1 шешім.

1. Қоғамның уәкілетті өкілінің “Қазгермұнай” бірлескен кәсіпорны” ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі «Жиналыс) дауыс беруіне негіз болатын шешімдер бекітілсін:

1.1. ҚГМ БК қатысушыларының 2017 жылғы 17 ақпандағы кезектен тыс жалпы жиналысының №2017-01 сырттай шешімімен бұрын сайланған ҚГМ БК Бақылау кеңесінің мүшесі, “Қазгермұнай” бірлескен кәсіпорны” ЖШС (бұдан әрі – ҚГМ БК) Бақылау кеңесінің төрағасы Ибагаров Максат Онгарбаевич мырзаның («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) өкілінің) өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

1.2. Нургалиев Куанышбай Жаумитбаевич мырза (ҚМГ БӨ өкілі) ҚГМ БК Бақылау кеңесінің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктері мерзіміне 2018 жылдың 05 маусымын қоса алғанға дейін ҚГМ БК Бақылау кеңесінің мүшесі болып сайлансын. 

1.3. ҚГМ БК Бақылау кеңесінің төрағалығына ҚГМ БК Бақылау кеңесінің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктері мерзіміне 2018 жылдың 05 маусымын қоса алғанға дейін Абдулгафаров Дастан Елемесович мырза (ҚМГ БӨ өкілі) тағайындалсын. 

2. Қоғамның уәкілетті өкіліне қабылданған шешімге сәйкес алдағы уақытта көзбе-көз немесе сырттай нысанда өткізілетін жиналыста дауыс беру тапсырылсын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz