/**/

Стипендиялық бағдарламасының мәреге жеткен жеңімпаздары анықталды

«ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы аумағында  осымен он бірінші рет өткізілген Стипендиялық бағдарламасының мәреге жеткен жеңімпаздары анықталды. Бұл бағдарлама облыс әкімдігінің қолдауымен 2005 жылы жасалып, бастау алған болатын. Стипендиялық бағдарлама талантты жастарға  сапалы білім алуға көмек көрсете отырып, «ПҚҚР» АҚ үшін жоғары білікті әрі арнайы оқытылған кадрлар даярлаудың қайнар көзін жасауды көздейді. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама Қытай мұнай институтында  (Пекин) «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша «бакалавр» дәрежесін алып шығатын бес атаулы стипендия иегерлерін оқытуды көздейді. Болашақ мамандар  қытай тілін оқып үйренуге кететін бірінші жылды қосқанда 5 жыл оқитын болады.


Стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер мына төмендегі  міндетті шарттарға сай болуы тиіс:  Қызылорда  облысында тұрақты тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы,  мектепті 2015 жылға дейін бітіргендерді де қосқандағы орта білім, 2015 жылдың 31 наурызындағы жасы – 21-ден аспаған, үлгерімінің орташа  балы – 5-баллдық жүйемен алғанда 4-тен төмен болмауы, бағалаудың 4-балдық жүйеесімен алғанда 3,3-тен төмен болмауы және ағылшын тілін  жақсы білуі. «ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы тағайындаған стипендиясын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау «ПҚҚР» АҚ оқыту бөлімінде 2015 ж. 3-13 наурыз аралығында жүргізілді. Бағдарламаға қатысуға барлығы 40 өтінім тапсырылды.  Тапсырылған өтінімдер мен құжаттарға  біліктілік талаптарына сәйкестігі және стипендиялық бағдарламаға қатысу құқықтылығына жасалған талдау нәтижелері бойынша 40 кандидат конкурсқа қатысуға жіберілді.


Ең алдымен үміткерлер жалпы білім беретін мектепте оқытылатын бес пәннен 2015 жылдың 23-24 сәуір күндері кешенді тестілеуден өтті. Тест көрсеткіштері бойынша 75 (100 баллдан) және одан жоғары балл жинаған 14 үміткер осы жылдың 28 сәуірінде ағылшын тілінен болатын тестілеуге шақыртылды. Екі тестілеудің: кешенді және ағылшын тілінен тестілеу  қорытындылары бойынша  14 қатысушы да жақсы нәтижелер көрсетті. 2015 жылғы 20 мамырда осы 14 қатысушы жеке әңгімелесуге шақыртылды. Әңгімелесу өткізудің мақсаты – Стипендиялық бағдарламамен оқу барысында табысқа қол жеткізу үшін олардың ой-өрісінің кемелденгенін және бойларында қажетті ынталылық пен білімнің бар екендігін анықтау.   


Өздерінің білім деңгейін  мемлекеттік үлгідегі ҰБТ  сертификатымен дәлелдеген: Айшуақ Қозыбек (№4 «Дарын» мектебі), Абылайхан Садықов және Данабек Бүркітбай (екеуі де – №9 Қазақ-Түрік лицейі), Ержан Абдулла және Сұлтан Өмірбай (екеуі де – Назарбаев зияткерлік мектебінен) «ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша 2015жылғы Стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздары болып жарияланды

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz