/**/

ШМӨЗ каталитикалық крекинг кешенінде іске қосу-реттеу жұмыстары басталды

Шымкент МӨЗ жаңғырту жобасының 2 Кезеңінің каталитикалық крекинг кешенінің объектілерін механикалық аяқтау қамтамасыз етілді.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШСда Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының 2 Кезеңін жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 15 наурызында RFCC каталитикалық крекинг, Prime G+ бензинді гидротазалау, Merox қаныққан және қанықпаған газды күкіртсіздендіру, Claus күкірт өндіру,  PSA-2 сутекті тазалау технологиялық қондырғыларының және басқалардың құрылысының механикалық аяқталуы қамтамасыз етілді. Осы кезден бастап жаңа қондырғыларда іске қосу-реттеу жұмыстарының кешені басталады.


Ескертеміз:


– 2017ж. маусымында Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 1 Кезеңін жүзеге асыру аяқталды. К4, К5 экологиялық кластарға сәйкес келетін мұнай өнімдерін өндіру қамтамасыз етілген;


– 2017ж. 29 желтоқсанында жалпы зауыттық шаруашылықтың бірқатар объектілерін механикалық аяқтау қамтамасыз етілген.       
Бұрын хабарлағандай, 2018 жылдың 30 қыркүйегінде «ПКОП» ЖШС жаңғырту жобасын мұнайды өңдеу қуаттылығын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізетін болып және өңдеудің тереңдігін ұлғайтатын болып аяқтау күтілуде.
 


Құрылыс шыңындағы жұмысышлардың саны шамамен 4800 адам болды.


 
Жаңғырту нәтижелері бойынша жаңа қондырғыларды пайдалану кезінде 445 жұмысшы орын құрылды. Персонал салалас МӨЗ (АМӨЗ және ПМХЗ) және Ресей мен ҚХР МӨЗ оқудан және машықтанудан өтеді.


    
Бас мердігер СРЕСС (ҚХР) компаниясы болып табылады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін 30 аса жергілікті компаниялар жұмысқа тартылды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz