/**/

Шымкент мұнай өндеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстары

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не тиесілі және соның басқаруындағы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу мақсатында 2015 жылдың 20 наурызынан 26 сәуіріне дейін тоқтатылады. Күрделі жөндеу кезінде сыйымдылықтар мен аппараттарды техникалық тексеру, сораптар мен компрессорларды жөндеу, технологиялық пештерді тексеру, технологиялық құбыр желілерін тексеру жұмыстарын, электр жабдықтары мен БӨАмА аспаптарына профилактикалық және жөндеу жұмыстарын, ескірген жабдықтарды ауыстыру, сондай-ақ зауытты жаңғыртуға байланысты жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

«ПКОП» ЖШС-н күрделі жөндеуге тоқтату кестесі ҚР Энергетика министрлігімен келісілген. Күрделі жөндеуге тоқтататынның алдында МӨЗ резервуарларында әлеуметік маңызды мұнай өнімдерінің қажетті көлемі жинақталған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz