/**/

Шымкент мұнай өндіру зауытын жоспарлы жөндеуге тоқтату

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің меншігі мен қарамағындағы Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2009 жылғы 20 қазаннан 20 қарашаға дейін жоспарлы жөндеуге тоқтатылады. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеуге тоқтату графигі ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісілген. Өткенде хабарланғандай, Қазақстан оңтүстігіндегі мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатымен, «ПетроҚазақстан» компаниясы жоспарлы жөндеуге тоқтатуды ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бұрынырақ келісілген күнін 10 күнге – 2009 жылғы 1 қазаннан 10 қазанға қалдыру туралы бастама көтерді. Кейінірек, ЖЖМ нарығында жалғасып отырған ширыққан ахуалға байланысты ПҚОП компаниясын жоспарлы жөндеу мерзімдері тағы да 10 күнге – 2009 жылғы 20 қазанға дейін қалдырылды. Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар мұнай өңдеу зауытының сапалы және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен оның жұмысын жақсартуға және жабдықтардың сенімділігін жоғарылатуға бағдарланған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz