/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытының бірқатар жаңа қондырғыларында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының бірқатар жаңа қондырғыларында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды.

Атап айтқанда, таза суды механикалық жүзгінділерден, органикалық қосылыстардан, коллоидты заттардан, кермектілік тұздарынан тазалауға және пермеат (тұзсыздандырылған су) алуға арналған, өнімділігі 400 м3/сағ химиялық су дайындайтын телім іске қосылды. Қазіргі уақытта осы телімнен алынатын пермеат бу мен конденсатты дайындайтын қондырғыда бу өндіру үшін пайдаланыла бастады. Сонымен қатар, құрғатылған сығылған ауаны, техникалық ауа мен азотты алуға және олармен зауыттың бақылау-өлшеу аспаптарын, әрекеттегі және жаңадан енгізілетін қондырғыларын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған ауа-азотты бекеті пайдалануға дайын.

 
Алынатын азот пен ауа өз мақсаты бойынша пайдаланыла бастады.


Сондай-ақ өнімділігі сағатына 70-360 т/сағ бу шығаратын бу мен конденсат өндіретін қондырғы, айналма және таза су блогы, екі жаңа мұнай бөлгіш, үш градирня мен негізгі сорапты бекеті және жылумен, сумен жабдықтау телімінің құрамына кіретін және жаңа өндірістік қондырғылар мен жаңа әкімшілік корпусты тұрмыстық ыстық сумен қамтамасыз етуге және жылыту жүйесін (95℃ температураға дейін) ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған орталық жылу пункті – В-035 қондырғысы іске қосылды.

 
Іске қосылған жаңа қондырғылардың  телімдерінде қызмет көрсету үшін 65 тұрақты жұмыс орны ашылды. Аталған жұмыс орындарына жергілікті жоғары оқу орындарының түлектері мен әрекеттегі өндірістен ауыстырылған тәжірибелі мамандар қабылданды. Персоналды даярлау мен оқыту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында Оңтүстік Қазақстан облысынан және ҚХР Нинся қаласындағы ұқсас МӨЗ-нде маманданған компаниялар тартылды.


«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасының екінші кезеңі бойынша (RFCC каталитикалық крекинг кешені бойынша) жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz