/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмыскерлері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына мұнай өңдеушінің кәсібі туралы айтып берді

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шақыруы бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің – Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмыскерлері мұнай өңдеу саласында кәсіби бағдар беру бойынша жоғары сынып оқушыларына тренинг өткізді.


«ПКОП» ЖШС-нің жұмыскерлері оқушыларды зауыттың тарихымен таныстырып, өндірістегі қызметтердің жалпы бағыттары туралы, зауытты жаңғырту және реконструкциялау жобасы туралы және нәтижесінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруға алып келетін, сондай-ақ өңіріміздің және жалпы республикамыздың экономикасының дамуына оң әсер ететін маңызды өзгерістер туралы айтып берді.

Тыңдаушылардың барлығы химия және биология пәндері бойынша білімдерді өте жақсы меңгергендерін айта кету керек.


Шымкент қаласындағы және Қазақстанның басқа да қалаларындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін оқу бағдарламасы аясында жыл сайын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де өндірістік экскурсия өткізіледі. Экскурсия кезінде оқушылар технологиялық цехтарды аралап көреді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz