/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы жөндеу үшін тоқтату

2010 жылғы 15 қазаннан 15 қарашаға дейін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басқаруындағы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу өткізу үшін тоқтатылады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуге тоқтату кестесі ҚР Мұнай және газ министрлігімен келісілген. Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар зауыттың қызметін жақсартуға, оның құрал-жабдығының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға және мұнай өңдеу зауытының болашақта сапалы әрі іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz