/**/

Шымкент МӨЗ жоспарлы күрделі жөндеуді жүргізу

Шымкент МӨЗ жоспарлы күрделі жөндеуді жүргізу

Шымкент қ.  

7 қазан 2016ж.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС басқаруындағы Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық желілерін 2016 жылғы 10 қазаннан бастап 12 қарашаға дейінгі аралыққа жоспарлы тоқтататындығын хабарлайды. 
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеуді жүргізу  бойынша іс-шаралар кестесі ҚР энергетика Министрлігімен келісілген. 
Зауытта тоқтатылған күрделі жөндеуді жүргізу кезеңіне парктің барлық резервуарлары тауарлық өнімнің қажетті көлемімен толығымен толтырылған.
Күрделі жөндеуді жүргізу зауыттың өндірістік іс-әрекеттерін жақсартуға, кәсіпорынның бұдан әрі де сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жабдықтың қауіпсіздігін және сенімділігін, беріктігін арттыруға бағытталған. 
Сонымен бірге «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» жобасы шеңберінде  зауытта жоспарланған барлық жұмыстар күрделі жөндеу кезеңінде тоқтатылмайды. Сонымен, шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар изомерлеу қондырғысын табысты іске қосуға дайындық бойынша ауқымды жұмыстар көлемі жоспарланып отыр. 
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу реттілігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сақталуын есепке ала отырып, жаңа жабдықты құрастыру, қолданыстағы құбырларды құрастыру және ауыстыру, технологиялық желілердің белгілі бір тораптарының әрекеттегі қондырғыларға жалғану және іске қосылу процестері бойынша жоспармен қосымша егжей-тегжейлі  жұмыстар көлемі жобаланды. 
Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру жобасы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бастау алғанын естеріңізге саламыз. Жобаның негізгі мақсаты – зауыттың жұмысын мұнай өңдеу зауыттары қызметтерінің заманауи әлемдік стандарттарына жауап беретін деңгейге жеткізу.Жаңғырту – зауыттың  жылына 6 000 мың тонна қуатын қайта қалпына келтіруге, мөлдір мұнай өнімдерін, сұйылтылған көмірсутек газдарын өндіруді жылына 211 мың  тоннаға,  ал автобензиндерді  жылына 1282 тоннаға, авиациялық отынды жылына 146 мың тоннаға және дизель отынын жылына 724 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
«ПКОП» ЖШС мен «ҚМГ-ӨМ»  жұртшылықпен байланыс қызметтері

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz