/**/

Шымкент МӨЗ қайта жандануы

Шымкент МӨЗ қайта жандануы

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзінің 30-жылдығы тұсында қайта жандану кезеңін басынан өткеріп отыр. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан зауытты жаңарту мен қайта құру бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін, өндірудің тереңдігі артып, қуаттылығы жылына 6 млн тоннаға жетеді және Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сай, экологоиялық кластардағы К4 және К5 мотор майлары шығарылып бастайды. 

Қазақстанның оңтүстігінде  жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы бүгінгі таңда зауыттың жүрегіне айналған 1972 жылы салынған ЛК-6У қондырғысынан бастау алған. Ол кезде бір жыл ішінде қалыпсыз жабдықтар цехын соғып, одан кейін жоба тоқтатылды, есесіне бір уақытта бірнеше МӨЗ-ның құрылысы басталып кеткен еді: Укранинада, Ресейде және Беларусияда. Шымкент маңындағы құрылыс алаңындағы жұмыстар 1976 жылы  қосалқы цехтардың құрылысынан бастау алды.  1978 жылы тағы екі нысан іске қосылды: яғни қаланың өндірістік аймағын және зауыттың транспорттық күре тамыры – тауарлық-шикізаттық цехын жылу энергиясымен қамтамасыз етуші қызметтерін көрсетіп тұрған ЖЭО-3-на арналған кәріз жүйесі мен тазартқыш ғимараттар, сумен жабдықтау цехы.

Ақырында, 1983 жыл «Омбы-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырымен Батыс Сібірден өңдеуге келген мұнайдың алғашқы қабылдануымен әйгілі болып қалды. 11 сәуірде Ферғана МӨЗ-на өңделуге темір жолмен кеткен «қара алтынның» бірінші құрамы салтанатты түрде тиелген еді. 1984 жылдың ортасында тағы бірнеше цехтар қолданысқа беріледі, оның ішінде «азотық-оттектік станциясы» бөлімшелерімен бу-су-ауамен қамтамасыз етуші цех, «орталық конденсаты станция», «ауа-компрессорлық қондырғы» және орталық зауыттық зертхана бар еді. Бұл ЛК-6У қондырғысынсыз іске қосу мүмкін емес нысандар. Содан 1985 жылы 28 қаңтарда тұңғыш шымкенттік бензин алынды!

Бұл күн зауытты іске қосқан және құрған, жобалаған, мыңдаған адамдардың еңбегі бағаланған мерекелі күн  болды. Жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Кеңес Одағының әр түрлі мұнай өңдеуші аймақтары – Гурьевтен, Павлодардан, Ферғанадан, Уфадан зауыттықтардың еңбек династиясының негізін қалаушы, жоғары білікті мамандар шақырылған болатын.

Берілді: секция 200 және секция 300, ал 1986 жылы қаңтарда – газбөлу қондырғысы – секция 400 қолданысқа берілді. 1986 жылдың көктемінен бастап өнімдерді жоспарлы шығарып, жылына 6 млн тонна мұнай өңдеу қуаттылығына жеткізіп, зауыт сызба бойынша толық жұмыс жасап бастайды.

1986 жылғы 12 ақпанда мемлекеттік мүлік жөніндегі Оңтүстік Қазақстандық өңірлік комитетінің  мемлекеттік Шымкент МӨЗ базасында «Шымкентнефтеоргсинтез» (ШНОС) АҚ құрылды.

Кеңес Одағы аясындағы шаруашылық байланыстардың күйрегенінен кейін, зауыт шикізат жүктемесіне байланысты күрделі мәселелерді басынан өткерді. Зауытқа жобаланған шикізат құрамы орташа және парафиндер құрамы төмен, салыстырмалы түрде алғанда ауыр Батыс-Сібірлік мұнайдың орынына МӨЗ-на Қызылорда облысының Құкөл кен орнынан мұнай келе бастады. Құмкөл шикі заты жеңілірек,  күкірті төмен және парафины жоғарырақ болғандықтан бастапқы кезеңдерде дизельдік жанармай мен керосинді шығаруда біраз қиындықтар туды. 1998 жылы дизель жанармайын гидротазлау қондырғысы қайта құрылудан өтті, ал 2001 жылы авиациялық керосинді өндірудің жаңа технологиясы қолданысқа енді.

2000 жылы зауыттың меншіктенуші иесі «ПетроҚазақстан» (сол уақытта «Харрикейн Хайдрокарбонс Лтд.») компаниясы болады, ал 2005 жылы «ПетроҚазақстан» CNPCI компаниясына, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының  еншілес бөлімшесіне сатылып алынады. 2007 жылы Шымкент зауыты тағы бір акционер 50% меншік иесі  ретінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлеседі. Сөйтіп, «ШНОС» АҚ ең алғашында «Харрикейн Ойл Продактс» ЖШС, одан кейін «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП). Содан бері зауыттың негізгі табыс көзі болып, Қазақстан мен Қытай, екі елдің ұлттық компаниялары ретінде екі мықты ационер болып келеді.

Ширек ғасыр өткеннен кейін зауыттың сапалық тұрғыдан ескіргеніне көз жетті. Мұнайды өңдеу тереңдігінің деңгейі мен ашық түсті мұнай өнімдерінің шығарылуы заманауи МӨЗ қойып отырған талаптарына сай келмеді, елде бензиннің сапасына экологиялық талаптар күшейтілді. Бұған қоса, мұндай жағдай еліміздегі жұмыс істеп тұрған екі МӨЗ орын алды: Атырау және Павлодар. Осыған байланысты еліміздің үкіметімен Қазақстанның мқнай өңдеу саласын жаңарту бағдарламасы құрылады. 2010 жылы қазанда Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңарту қаралған, 2010-2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторын дамыту бойынша Бағдарламасы үкіметпен бекітілді.

Жаңғырту жобасы сондай-ақ Қазақстан Президентінің жарлығымен бекітілген және ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген ҚР инвестициялық стратегиялық нысандар тізіміндегі ҚР 2010-2014 және 2015-2019 жж. Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.

Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңарту жобасы 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Кедендік одақтың Техникалық регламентінің талаптарына  сәйкес К4, К5 экологиялық санаттағы мотор жанармайларын шығаруды қамтамасыз ету үшін ОЗХ нысандары мен жаңа және жұмыс істеп тұрған технологиялық қондырғылардың  құрылысы жүзеге асырылады. Бұл Кедендік одақ елдерінде қабылданған Евро-4 және Евро-5 еуропалық стандарттардың аналогы. Бірінші кезеңнің жобасы: изомеризация қондырғысының құрылысы; жылына 4000 тонна қуаттылықта күкірт өндіру қондырғыларының құрылысы; Секция 300 дизельдік жанармайды су арқылы тазалау қондырғысын қайта құру.

Екінші кезең  – өңдеу тереңдігін арттыру және жылына 6 млн. тоннаға дейін жететін жобалық қуаттылықты қалыпқа келтіру үшін ОЗХ нысандары мен жаңа және жұмыс істеп тұрған технологиялық қондырғылардың  құрылысы: 

• каталитикалық крекинг «RFCC»;

• бензинді гидротазалау «Prime G+»;

• газдарды демеркаптанизациялау «Merox»;

• октанкөтермелеу қоспасының өндірісі ЭТБЭ;

• күкірт өндірісі, сутекті тазалау және т.б.

Қазіргі уақытта ТЭО өңдеу мен жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмысы аяқталды. Бірінші кезеңді жүзеге асыру белсенді сатыда тұр – секция 300 дизельдік жанармайды гидротазалау қондырғысын қайта құру  ішінара орындалған, жазғы режимге К5 санатындағы дизельді жанармай алынды, күкірт өндіру қондырғысының құрылысы аяқталу кезеңінде тұр, іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыс құжаттамаларын әзірлеу изомеризация қондырғысына құрылыстық-монтаждық жұмыстар мен жабдықтарға тапсырыстар орналастыру іске асырылуда. 2015 жылғы 16 қарашада жобаның Екінші кезеңін жүзеге асыру үшін бас мердігер – CNPC (ҚХР) корпорациясының еншілес ұйымы, CPECC («Қытай мұнай инженерлік-құрылыс компаниясының» Қазақстандық филиалы) компаниясымен ЕРС-келісімшартқа қол қойылды, жұмыс құжаттамалары әзірленіп, жабдықтарға тапсырыстар орналастыру жүзеге асырылуда. Кестеге сәйкес, Жобаның аяқталуы 2016 жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр.

Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңарту Жобасы аяқталғаннан кейін мұнай өнімдерін өндіру ұлғайатын болады. Мәселен:  

• жоғарыоктандық бензиндер  – жылына 735 бастап 2 162 мың тоннаға дейін;

• Дизельдік жанармай – жылына  1 346 бастап 2 013 мың тоннаға дейін;

• авиажанармай – жылына 280 бастап 400 мың тоннаға дейі.

Бұдан басқа ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді арттыру (жоғарыоктандық көлік жанармайын өндірудің мөлшері жалпы бензиндік пулда 100% құрайды), Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңарту жобасы өңірде маңызды әлеуметтік мәселелерді де шешеді, оның ішінде Шымкент қаласында жаңа жұмыс орындарын ашу және Қазақстанның оңтүстік өңірінде экологиялық қауіпсіздікті арттырады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz