/**/

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев мырза Қызылорда облысындағы ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті

Кездесу ең маңызды деген өнеркәсіптік жобалардың тұсаукесері түрінде өтті.

«ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы Қазақстан Республикасында газды пайдаға жарату нысандарын іске пайдалануға сәтті ендірген алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания Елбасын Арысқұм және Қызылқия кен орындарындағы газды пайдаға жарату жобасымен таныстырды, бұл жоба туралы жақында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев мырзамен кездесуге қатысқан компания президенті Бо Чилян мырза Елбасының назарына Арысқұм және Қызылқия кен орындарында газды пайдаға жарату нысандарының макетін ұсынып, ілеспе газды орталық мұнай айдау бекетінен беру үрдісінен бастап оны жер қабатына түпкілікті кері айдауға дейінгі жұмыстардың негізгі қағидаларын көрсетіп берді. Сонымен қатар ол аталған жобаға арналған ақпараттық стендімен таныстырды, сондай-ақ ПККР компаниясының газды пайдаға жарату бағдарламасы бойынша барлық деректерді келтірді. Президент Назарбаев ұсынылған жобамен көңіл қойып танысты, және аталған жобаға құйылған инвестициялар көлемі туралы, сондай-ақ газды кері айдағанан кейінгі жер қабатындағы қысым туралы сұрады. Осыдан кейін Елбасы ПККР компаниясында мұнай мен газ өндірудің жалпы көлемі туралы сұрақ қойды. Президент Назарбаев жобаға жоғары баға беріп, Компанияға болашақта мол табыс тіледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz