/**/

Қара алтынның патшалары

Барлығы да біртіндеп өз қалпына қайта оралады. Шағын және орта бизнеске қатысушылардың талайы біртіндеп өз есіктерін клиенттер үшін жапты, ал керекті әрі қолайлы кезде орайлы сәтті пайдалана білгендер енді ғана өздерінің коммерциялық жолына қадам басты. Тек ірі мұнай бизнесі ғана – Қазақстанды арқасына отырғызып алып, әлемдік экономика мұхитында ақырын жүзіп келе жатқан біздің алып тасбақамыз, – сырт көзге мызғымас болып көрінеді. Бұл расында да солай ма? Қара алтын өндірісі мен саудасының көшбасыларының арасындағы орындар ауысқан жоқ па?

Кандидаттар туралы пікіріңіз қалай қалыптасты?%
Бұқаралық ақпарат құралдарынан25
Компаниямен жеке іскерлік тәжірибе бойынша40
Клиенттер мен серіктестердің лебіздері бойынша25
Қоғамдағы атағы бойынша35
Басқасы0
Сіздің таңдауыңызға не ықпал етті?%
Компанияның табыстары35
Брендтің танымалдығы20
Басшының атағы15
БАҚ беттерінен жиі көрінуі0
Басқасы0

Бәрінен де кім сұлу екенін анықтау үшін, біз баяғы, етене әрі керемет қызықты (нәтижелері кейде тіпті күтпегендей болып шығады) әдіске  – сауалдамалар мен рейтингтер жасауға жүгіндік. Тек шағын сауалнаманы толтыру үшін бірнеше минутын арнағысы еткісі келетін немесе соған мүмкіндігі бар адамдардың барған сайын азайып келе жатқаны ғана қынжылтады. Биыл біз жауап қатқан адамдардың саны небары 235 болды, бірақ олар біз үшін өте маңызды және біздің редакциямыз саналылық танытқандардың және тәуелсіз зерттеулердің болашағына немқұрайды қарамайтындардың барлығына шын жүректен алғыс айтады.


Әрине, мұнай-газ саласының өзіндік ерекшеліктері бар және біздің респонденттеріміздің көпшілігін құрайтын орташа статистикалық менеджерлердің екіден бірі “алып тасбақаның” барлық “қитұрқылары“ мен ерекшеліктерін біле бермейді. Бірақ, солай болғанымен де, олар өздерінің жеке пікірлерін білдірді және бізге ой ойлауға жаңадан қозғау салды. Мысалы, көшбасылардың ішінде айқын көрінетін он компания байқалды, сонымен қатар, біз көптеген еншілес кәсіпорындардың өздерінің басты компанияларымен қатарлас келе жатқанын және тіпті кейде олардың беделі өздерінің “аналық” компанияларына анағұрлым жоғары екенін, немесе біздің мұнай бизнесіміздің “тұлғалары” өздері басқаратын компаниялардың қаржылық деректері туралы ақпарат қаншалықты жабық болса, қарапайым адамдар үшін соншалықты жабық екенін анықтадық.


Биыл дәстүрлі сұрақтармен қатар, біз елімізде кімнің ең танымал, ең ықпалды әрі келешегі мол мұнайшы болып саналатынын анықтамақ болдық. Бұл мәселеде әдеттен тыс ахуал қалыптасты. Респонденттердің 53 пайызынан астамы бұл сұрақтарға жауап беруде қиналды. Басқалары болса, біз орынды күткен есімдерден басқа, Нұрсұлтан Назарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Қанат Бозұмбаев секілді тұлғаларды атады… Мынадай сұрақ туындайды: әлде біздің респонденттерімізге біздің мұнайшыларымыз жүзтаныс емес, әлде, керісінше, кейбір көлеңкедегі “мұнай барондарының” қалағанынан көбірек білетін секілді. Ал көшбасы Тимур Күлібаев болып шықты, және де бірден үш позиция бойынша. Онымен қатар Нұрлан Балғымбаев, Қайыргелді Қабылдин, Серік Бүркітбаев, Жак Марабаев, Асқар Балжанов және басқалары аталды.


“ҚазМұнайГаз” үстіміздегі жылы да 90 пайыздан астам дауыс жинап, көшбасы деген атағын ешкімге бермеді. Алтын жүлдегердің орташа бағалары ең үздік болмағанымен де, ал ашықтық деңгейі бойынша ол мүлдем төмен балл алып (көшбасылардың ондығының шеңберінде), ең жабық компания деген атақты “Маңғыстаумұнайгазға“ берді.  Тап сол “ҚазМұнайГаз” танымал бет-бейнесі болғаны үшін ең жоғары балл алды.
Оның өкшесін «Теңізшевройл» басып келеді, ол 63 пайыз жинады, және де барлық дерлік өлшемдер бойынша үздік баллдарды иеленді. Барлық өлшемдер бойынша ең жоғары орташа баллды ҚПO иеленді, ол рейтингіде үшінші орынға жайғасты.


Chevron, ҚПО және Shell компанияларының басшылары өздерінің жоғары біліктілігі мен кәсіпқойлығы үшін ең жоғары баллдарға ие болды. Қызметкерлер құрамы үшін барынша дақсы жағдай жасайтын да сол ҚПО болып шықты. Ең жоғары әлеуметтік жауапкершілік өлшеміне  – үстіміздегі жылы енгізілген жаңа өлшемге – сай келетін Shell компаниясы болып шықты. Инвесторлар үшін ең тартымсыз компания «Маңғыстаумұнайгаз» болып шықты.


Биылғы жылы қазақстандық компаниялар шетелдік компанияларға қарағанда сәл де болса көбірек аталды. Дегенмен, олардың шынында да қазақстандық екені әрдайым мәлім бола бермейді, әрине.


Біздің рейтингімізге байырғы қатысушылардың арасында ресейлік «ЛУКОЙЛдың» позициялары құлдырап кетіп, биыл ол ондықтың қатарына кірген жоқ. Қытайлық мұнайшылар мен Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорындары өз  позицияларында мығым отыр. Сарапшылар менеджменттің деңгейіне жоғары баға беруде (бәлкім, олардың нарықта ұлғайып келе жатқан үлесіне байланысты болар), бірақ бұл орайда өте төмен айқындық деңгейін атайды (аталған компаниялардың барлығының арасында ең төмен балл  – 1,56 –  PetroChina компаниясына берілді). Менеджерлермен, мысал үшін, CNPC менеджерлерімен хабарласуға деген біздің талпыныстарымыз … орысша сөйлейтін хатшылықтың болмауына байланысты сәтсіздікке ұшырады. Бәлкім, ықпалы өсіп келе жатқанына байланысты, ол компаниялардың басшылығы жұмыс істейтін елдің тілінде сөйлейтін қызметкерлер құрамын ұстауды міндетті деп санамайтын болар.


Біздің респонденттеріміздің 35 пайызының пікіріне компанияның табыстары, 20 пайызына – брендтің танымалдығы ықпал еткен, басшылар компания үшін қажетті имиджді, жалпы компанияның, сондай-ақ атап айтқанда топ-менеджменттің аталуын және танымалдығын ілгерілетумен шұғылданатын жарнама, маркетинг және PR бөлімшелерін таратқан кезде осы жайында ойланған дұрыс болар еді. Дегенмен, көпшілік қауым банктер мен сақтандыру ұйымдарынан өзгеше, мұнай компанияларына өз танымалдығын кеңінен тарату ісімен тым әуестенудің қажеті жоқ – олар “көрерменді” дұрыс таңдамай жүр деп санауы мүмкін.

Компанияның атауыАталу жиілігіОрташа баллБасшылықтың сыныптамасы және оның атақ-абыройыҚазақстан нарығындағы табысыӘлеуметтік жауапкершілік деңгейіТанымал имиджінің болуыИнвесторлар үшін тартымдылығыАйқындық деңгейіҚызметкерлер құрамы үшін жағдайлар жасай білуіДағдарыстық жағдайларда жұмыс істей білуі
1ҚазМұнайГаз90,913,503,564,23,14,83,332,223,113,65
2Теңізшевройл63,644,234,574,713,864,574,293,714,293,86
3Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.55,564,5954,874,254,214,454,454,654,81
4ПетроҚазақстан46,53,583,53,983,333,783,333,673,543,5
5Маңғыстаумұнайгаз34,453,032,673,672,672,673,452,333,453,33
6Shell33,64← Жаңалықтар бетіне қайту

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz