/**/

Қауіпсіздік өмір салты ретінде

Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатымен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлерінің арасында маусым айы компанияда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау айлығы деп жарияланған болатын. Аталған іс-шара әр жыл сайын өткізіліп келеді, ол биыл да мазмұнды іс-шаралардың тұтас кешенін қамтыған жаңаша тұрпатта өткізілді.
– Әрбір қызметкер, атқаратын лауазымына қарамастан, еңбек қауіпсіздігін өзінің жеке міндеті сияқты ұғынып-түйсінеді, – деп атап өтті «ПҚҚР» АҚ-ның игеру және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев. – Ең бастысы – адамдардың өмірі мен денсаулығы, біздің барлығымыздың еңбекті қорғау мәселелеріне қалай қарайтындығымызға байланысты болмақ. Қауіпсіздік айлығы біздер үшін –  барлық деңгейдегі еңбекті қорғау мәселелеріне неғұрлым салиқалы да салмақты көзқарасқа берілетін қосымша серпін. Жақсарту процесі тұрғысынан алып қарағанда біз атқаратын көп жұмыстар бар. Және де ол алға қарай, шамалы болса да, бірақ ілгерілеушілік бағытта жылжып келеді.


5 маусымында кәсіподақ комитетінің ҚЕҚОҚ департаментімен бірлескен бастамасы бойынша Құмкөл кенішінде Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Өтеп Хасановтың қатысуымен қауіпсіздік мәселелері жөнінде жиналыс болып өтті. Оған компанияның негізгі цехтарының қызметкерлері қатысты. Айлықты өткізудегі ерекшеліктердің бірі «Алғыс рейдтері» шарасы болған еді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тобының қызметкерлері цехтардың басшыларымен бірлесіп үздік қызметкерлерді анықтады, олар жұмыс кезінде қауіпсіздік қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай білді. Жұмыс орындарында қауіпсіз іс-қимылдар мен жағдайларды қамтамасыз еткені үшін Құмкөл және ҚАМ кеніштерінің 55 қызметкері «Ең бастысы – қауіпсіздік!» арнаулы белгішелерімен марапатталды.
– Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік көрсеткіштерінің жақсары түсуі – ұдайы назарымызда, – дейді Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тобының жетекшісі, «Қорғау» жобасының үйлестірушісі Светлана Төреманова. – Біздер бұдан былай да қызметкерлерді жұмыстардың қауіпсіз атқарылу қағидаларына оқытып-үйретіп, бұл саладағы корпоративтік стандарттарды арттыра беретін боламыз. Біз қауіпсіздікке айрықша көңіл бөлген бастамашыл әріптестерімізді ынталандыра түсуге қуанышты екендігімізді білдіреміз. «ПҚҚР» АҚ Басқармасының төрағасы Цинь Хунвэйдің Алғыс хаттарымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын жақсарту жөнінде шараларды жүзеге асыруды ұсынған және ҚЕҚОҚ бойынша олқылықтарға жол бермеген 12 қызметкер марапатталды.


26 маусым күні Құмкөл кенішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау айлығы шеңберінде «ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» конкурсы болып өтті. Конкурстың өткізілуі қызғылықты оқиғаға айналды, онда әрбір цех қауіпсіздік талабы – бұл өндірістегі алғы кезектегі міндет екендігін дәлелдеуге тырысты. Іс-шараға 5 команда – Құмкөл к/ш МДАЦ, Құмкөл к/ш ГПЖЦ, Құмкөл к/ш МГӨЦ, ҚАМ к/ш ГПЖЦ ГШ, ҚАМ к/ш Коллекторлық жүйелері қатысты. 

18-і мен 25-ші маусымы аралығындағы кезеңде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы қызметкерлерінің балалары арасында «Еңбекті қорғау балалар көзімен» атты жеткіншектер салған суреттер конкурсы өткізілді. Биылғы жылдың 27 маусымы күні «Арай Санрайз» балалардың демалыс лагері базасында суреттер көрмесі болып өтті, конкурс қорытындылары шығарылды және оның жеңімпаздары айқындалды.  Конкурс 7-ден 10 жасқа және 11-ден 14 жасқа дейінгі аралықтағы екі жас ерекшелігі санаттарында өтті. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және жүлделермен марапатталды, ал конкурстың қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz